Математика – сан саланы қамтитын ғылым

Математика – ғылымдардың патшасы. Математиканы білген адам – барлық ақпараттық, сандық, техникалық заманауи мамандықтарға қол жеткізе алады. Жаңа дәуір – сандық технологиялар ғасыры. Сондықтан барлық нәрселерді сандық деп ойлайтындар үшін математикадан артық ештеңе жоқ. Ең көп ізденіске ие жұмыс орындарының тізімдерінің басым бөлігі математика мамандығы арқылы қол жеткізуге болатын қызметтермен байланысты.

Математика – аналитикалық ойлауға, проблемаларды шешуге және сандық деректермен шешімдерді негіздеуге үйретеді. Кез-келген нәрсенің математикалық моделін құрып, қажетті зерттеулер жүргізіп, алдағы мақсатқа қол жеткізуге септігін тигізеді. Математик мамандар үлгілерді анықтап, тиісті және сыртқы деректерді ажырата алады, күрделі мәселелерді шешу жолдарын табу үшін табандылық танытады. Соңғы жылдардың статистикасына көз жүгіртсек, сұранысқа ие мамандықтардың үшінші орнында ақпараттық технология, интернет, телекоммуникация саласының мамандары тұр.

Бұл мамандықтарды игеру үшін де математикамен дос болу керек. Сондай-ақ, ғылыми зерттеулер, маркетингтік зерттеулер, инженерлік, қаржы, биотехнология және компьютерлік технология сияқты динамикалық салалардың барлығы математикасы мықты студенттерді қажет етеді. Айналаның барлығы – математика. Зерттеулерге назар аударатын болсақ, математика мамандықтары бойынша үздік он жұмыс орнына актуарийлер, статистика мамандары, операция бойынша зерттеушілер, қаржы талдаушылары, бизнес-аналитиктер, нарықты зерттеу талдаушылары, бухгалтерлер, сақтандыру андеррайтерлері, сандық аналитиктер жатады.

Аталған мамандықтардың кейбіріне тоқталып өтейік.  Математик-статистик мамандары маркетологтарға, ғалымдарға, спорттық командаларға, мемлекеттік органдарға және саяси кандидаттарға  сыни деректерді түсіндіруге көмектеседі. Олар зерттеулер мен басқа да зерттеу құралдарын, сенімді және жарамды деректер жиынтығын береді. Математика мамандықтары бойынша статистиктер сандарды пайдалана отырып, мәселелерді шешеді және қолданыстағы деректерге негізделген дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Операциялар бойынша зерттеушілер өндірісті, логистиканы, сатылымдарды және проблемаларды шешуге, өнімділікті арттыруға және өнімділікті жақсартуға бағытталған басқа да бағыттарды зерттейді.

Олар түрлі дерек көздерден, соның ішінде қызметкерлерден, дерекқордан және операцияларды бақылаудан деректер жинайды. Операциялар  бойынша талдаушылар осы деректерге сандық және сапалық талдау жүргізеді. Олар өздерінің қорытындыларын ұйымдастырады және өз қызметінің негізгі бағыттары бойынша менеджерлердің шешімдерін хабардар ететін тәсілдермен ұсынады. Қаржы талдаушылар банктер, сақтандыру компаниялары және инвестициялық фирмалар секілді қаржылық мақсаттағы компаниялар үшін зерттеу компаниялар, өндірістер, акциялар, облигациялар және басқа да инвестициялық құралдармен жұмыс жасайды.

Олар көбінесе болашақ табыстарды, бағалау мен нарықтық үрдістерді бағалау үшін күрделі математикалық модельдерді қолданады. Қаржылық талдаушылар басқа корпорацияларға қаржылық мәселелерді шешуге және олардың қызметі туралы шешімдер үшін маңызды қаржылық деректерді жинауға көмектеседі. Бизнес аналитиктер ұйымдардың проблемаларын зерттеп, оларды шешу жолдарын ұсынады. Көбінесе корпорацияларға жалданып жұмыс істейтін консалтингтік фирмалар үшін өздерінің қызметін жетілдіруге қатысты мәселелерді немесе ұсыныстарды шешуге көмектеседі.

Көптеген бизнес-сарапшылар компьютерлік технологияның әртүрлі кәсіпорындарда қалай қолданылып жатқанын және баламалы конфигурацияларға ұсыныстар жасауды бағалайды. Сандық аналитиктер компаниялар мен клиенттерге интернет арқылы ұйымның ықпалын жақсарту немесе кеңейту үшін вебті пайдалануды оңтайландыруға көмектеседі. Олар веб-сайттың қызметі мен үрдістерін зерттейді, санайды және есеп береді. Сандық аналитиктер мақсатты демографиялық топтарға өнімдер мен қызметтерді насихаттау үшін веб-медианың үздік қоспасын ұсынады.

Сандық аналитиктер сандық және сапалық сараптамаларды пайдаланады және өздерінің бағалауларын жүргізеді және интернет операцияларды жетілдіру стратегиясын ұсынады. Ұстаздардың мәртебесін көтергелі соңғы уақытта мұғалімдік ең таңдамалы мамандықтардың бірі болып келеді. Әсіресе, математика пәнінің ұстаздарына сұраныс жоғары. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады», – деген болатын. Жиырма бірінші ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністермен ерекшеленеді.

Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу – әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, математика – сан түрлі салаларда қолданысқа ие әмбебап ғылым. Біздің мамандықты бітіріп шыққан түлектер жұмысқа орналасу бойынша сексен пайыздық көрсеткішпен дараланып отыр. Олар мектептерде, банктерде, мемлекеттік мекемелерде, жеке фирмалар және тағы да басқа әлеуеті зор кәсіпорындарында еңбек етіп жүр.

Кафедрамызда студенттер 5В060100 «Математика» мамандығы бойынша,  6В05411 «Математика-статистика», 6В05411 «Математика және математикалық модельдеу»,  6В05413 «Математика және математиканы оқыту» білім беру бағдарламалары бойынша   білім алып жатыр. Бұл бағдарламаның түлектері жоғарыда аталып шыққан заманауи мамандықтардың барлығын игеріп шығады. Ол үшін кафедрамызда 1 ғылым докторы, бес ғылым кандидаты,  1 PhD, аға оқытушылар мен оқытушылар еңбек етіп,  студенттерді білім нәрімен сусындатып жүр. Оларды ғылым мен білімге жетелеп, тәрбиелеп, тәуелсіз мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуда.

Гүлжан ДҮЙСЕБАЕВА,
Дулати университетіндегі а
қпараттық
технологиялар, автоматика және
телекоммуникация факультетінің математика
кафедрасының оқытушысы, Тараз қаласы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий