Біз білетін Мұқағали

(Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай). Қарағанды техникалық университетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығының  студенттері Мұқағали  Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мұқым елдің мұзбалағы» атты іс шараны ұйымдастырды

Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Ақынның толық есімі Мұхамметқали. Бірақ, отбасы оны бала кезінен еркелетіп Мұқағали деп атап кетті. Себебі, Пайғамбардың атын арқалап жүру оңай емес, ал мұндай жауапкершілік жас баланың өмірін қиындатуы мүмкін. Мұқағали жас ата-ана атанған Сүлеймен мен Нағиманның үш баласының тұңғышы болды.

Ақынның әкесі кішіпейіл, қарапайым, әрі еңбекқор адам, ол соғыстан бір жыл бұрын колхоз басшысы болды. Бастапқыда Мақатаевтың балалық шағы уайымсыз өтті. Ол туған жері Қарасазға арналған «Туған жер» өлеңінде армансыз өткен балалық шағын еске алып, өткен күнге саяхат жасайды. Мақатаев балалық шағының бүкіл әлемін сүйді және сол күндерді қатты сағынды және оның поэзиясының көптеген суреттерін тудырған дәл сол балалық шақтағы естеліктер болды. Бірақ, соғыс Мұқағалидың өміріндегі барлық нәрсені өзгертті. Әкесі соғысқа кеткенде, ол 10 жаста еді.

Ал өмірдің барлық ауыртпалығы балалық шағымен қоштасқысы келмеген жасөспірімнің иығына түседі. Жауынгер ұрпақтың барлық ұлдары сияқты, әйел мен балалар ғана қалған үйде ер адам ретінде қалғанын түсініп, ерте ер жетті. Мақатаевтың әкесі майданда қайтыс болды. Сол уақыттан бері Мұқағали жай ғана сөніп, жоқ болып кетуге құқығы жоқ екенін түсінді.  Өкінішке орай, қарындасы мен інісі дүниеден ерте кеткен.

Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады. Ғажайып ақындардың бірі – Мұқағали Мақатаев кішкентай бала кезінен бастап қаншама қиыншылық көрсе де, мойымай өлең –жырға әуес болған. Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген.

Ақынның анасының естеліктеріне сүйенсек, Мұқағалидің әдебиетке деген қызығушылығы 14 жасынан басталған. Ал өлең жазуға жары Лашынға деген махаббаты себеп болды. Ол сыртқы әлемнен және кітаптардан шабыттанды. Мұқағали Абай, Әуезов, Сейфуллин, Мүсіреповты оқыды. Орыс тілін өз еркімен өте жақсы меңгерген ол орыс әдебиетін, әсіресе Пушкин, Есенин, Блоктың поэзиясын оқыды. Шетелдік әдебиеттерден Гейн, Гёте, Дюма, Гюго, Байрон, Драйзер, Стендаль шығармаларына қызығушылық танытты.  Бірақ бәрінен де Бальзак, Лондон және Шекспирді жақсы көрді.

Мұқағали жазған естеліктерінің бірінде: «Иә, мен әдебиетті жақсы көремін. Мен үшін одан биік ештеңе жоқ» деп әдебиетті сүйетінін мойындаған болатын. Мақатаев ерте отбасын құрды. Ол 1949 жылдың көктемінде 17 жасында Лашынға үйленді.  Ол кезде Лашын 21 жаста еді. Ақын болашақ әйелі Лашын Әлімжановамен Шибұт ауылында жұмыс істеп жүрген кезде танысты. Ерте отбасылы болған ерлі-зайыптылардың Ләззат, Майгүл, Жұлдыз, Айбар, Алмагүл, Шолпан есімді балалары дүниеге келді. Ауылда тұрып Мұқағали кеңес хатшысы болып жұмыс істеді, содан кейін мектепте орыс тілінен сабақ берді, аудандық газетте тілші болды.

Ақын 1962 жылы отбасымен Алматыға көшіп келеді. Оның өлеңдерін оқыған Әбділда Тәжібаев Мұқағалидан үлкен ақын шығады деп, Алматыға өзі шақырған. Қалаға көшіп келген ақынның кәсіби қызметі әдебиетпен тығыз байланысты болады. Ол қазақ радиосында диктор, «Социалистік Қазақстан» газетінің журналисі, «Жұлдыз» журналының қызметкері, Жазушылар одағының жастар істері жөніндегі кеңесінің басшысы болды. Сыртқы жағдайлардың өзгеруіне қарамастан, Мақатаев ең бастысы поэзияға деген махаббатына тұрақты болды. Ол әрқашан өлеңдер жазып, жиі журналдар мен газет беттерінде жариялады.

1962 жылдан бастап, алғашқы кітап шыққан кезден 1976 жылға дейін ақынның сегіз өлеңдер жинағы жарық көрді. Олардың ішінде: «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Өмір-дастан», «Жырлайды жүрек» және басқалар бар. Әдебиет саласында жиырма бес жылдай уақыт жұмыс жасаған Мақатаев 1000-нан аса өлең жазды. Мұқағали шығармашылығының тәні «өзін-өзі» зерттеуден тұрады. Мұқағали поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстыра қабылдайды. Өмірдегі жақсылық, махаббат атаулының негізі де осы аяулы сезімінде. Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқымайтын қазақ жоқ. Соншама әсерлі жырлары менің де жүрегімді жаулап алған.

«Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын қуаныштан туған. Өзгенің жан-сырын ұғу үшін, өзімді зерттегенді жөн көремін»-дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні «өзін-өзі» зерттеуден тұрады. Мұқағали поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстыра қабылдайды. Өмірдегі жақсылық, махаббат атаулының негізі де осы аяулы сезімінде. «Ей, безілдектер, Сендер емессіңдер маған баға беретін! Нағыз бағалаушылар әлі алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, біздің әрқайсымызды өз орнымызға солар қояды. Ежелден солай болып келген, солай болады, бола береді де. Мен өзім жайында мынаны айтам: мен жиырма бірінші ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да…»

Туған жеріне, өз Отанына арнаған өлеңін әдебиеттік оқудан жаттап, жатқа айтқан кезде менің бойымды патриоттық сезім билеп алғандай болды. Міне, ақынның құдіреттілігі осында екен ғой деп ойладым. Мұқағали атамыздың әсерлі жырлары әр қазақтың жүрегін жаулап алды. Сондықтан да осындай ақынына халқы «Ғасыр ақыны» деген ат берді. Мұқағали атамыздың жырын тыңдайтын, сүйіп оқитын ұрпағы бар да, аты санамызда мәңгіге қалады. Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қадірлейтін мұрасы.

Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені. Мұқағали – жалпыхалықтық, ұлттық тұлға. Әрбір өлеңін оқығанда, оның қазақ екенін жазбай танисың, ұлт ақыны екенін айқын аңғарасың. Мұқағали Мақатаев қай тақырыпқа барса да, не туралы жазса да, шығармаларының астарында адамның ғұмыры мен тағдыры айтылады. Поэзия! Ақын рухы – ұлт рухының ажырамас бөлшегі. Мұқағали Мақатаев – ешқашан ортаймайтын, ешқашан сөнбейтін мол қазына қалдырған ақын. Мұқағали Мақатаев – ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ поэзиясының жарқын бейнесі. Ақын әдебиетке бәрін таңғалдырып, найзағай соққысы секілді енді.

Ол ауыр қиындықтарға толы өмір сүрді, оны жиі түсіне бермейтін. Өлеңдер жинағының алғашқы жинағы ақын ретінде танылғаннан кейін он үш жыл өткен соң шықты. Бірақ, Мұқағали орыс тіліне аударылған аудармаларын көрмей кетті. Ақын ешқашан өмірге түңіліп, шағымданбады. Өйткені, ол үшін шығармашылық маңызды болды. Мұқағали өмірінің соңғы жылдары қатты сырқаттанып, жүрегін ауыстыру керек екенін біледі, сол кезде жазған «Соқ жүрек», «Дәрігер» атты өлеңдері соған дәлел:

Жүрегіме жүк артып жүргенімде,
Қажыдың ба, байғұсым, білмедім бе?
Шайпау тиіп, шаршатып кім көрінген,
Уландың ба, білмеймін кірледің бе?
Бары ақиқат бір дерттің жүрегімде,
Дәрігер-ау,арқалап жүремін бе?
Сорлайтындай соншама кім едім мен,
Heгe аяныш атасың іреңіңнен?

Айтып өлтір, қайтесің босқа ойланып,
Жүрек дерті өлімге бастай ма анық?
Адасам ба өмірден жастай қалып?
Ет жүрегім кете ме тасқа айналып?
Heгe айтпайсың, тұрғанша босқа ойланып.
Пері соққан пендедей есі жарым,
Тамырымда тулайды есіл ағын.
Бұл жүректің білмеймін несін алдым,
Несі жоғын білмеймін, несі барын?

Қаным қайнап барады, қаным қайнап,
Бір амал тап, дәрігер,халімді ойлап.
Алауыртқан ақынның қолын байлап,
Әкетпесін ажал кеп, өлімге айдап.
…Жоқ!
Дәрігер!
Орнатпа басқа жүрек!
Басқа лүпіл жасама, басқа леп.
Қалай айтам, бүлінген жүрегімді,
Білдірмей доғдыр алып тастады деп?!
Өңгеріп өгей жүрек қайда барам,
Өзгенің ғұмырын қалай пайдаланам?

Сыйыңа рахмет, қайран адам!
Өзімнің жүрегімдей қайда маған?
Алмастырам!?
Дедің-ау, алмастырам!..
Сірә, менің жұлдызым жанбас бұдан.
Өзімнің жүрегімді жерлеп келіп,
Өзгенің өмірін қайтіп жалғастырам?
Тула, Жүрек!
Өкінем мен несіне!?
Туған жүрек,әрине,өлмесін бе?
…Жоқ!
Дәрігер!
Қозғама,
дамылдасын,
Әрбір жүрек өзінің кеудесінде!

«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті. Ақынның әр өлеңінде, әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен де ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын танимыз. Өйткені ол өлеңнен, өнерден сыр іріккен емес. Өлеңге өз жан дүниесін ашты, өлеңнің сырлы құпияларын жария етті.

«Мұқым елдің мұзбалағы» атты іс шараны онлайн  Teams платформасында жүргізілді. ВТ-18-1 топ студенттері Мұқағалидің өнері мен шығармашылығын таныстырып, еске алды. «Ана сен бақыттысың!», «Ғасырлар перзенті», «Сезім», «Бүгін менің туған күнім!» т.б. өлеңдерін жатқа айтып, «Есіңе мені алғайсың» әні шырқалды. Студенттер «Сәби болғым келеді», «Бақыт деген не өзі?» атты видеобейнелер дайындады. Іс шараның сергіту кезеңінде қызықты ойын жүргізілді.

А. ШЕГЕТАЕВА,
АТҚ кафедрасының аға оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий