Желілік қауымдастық – мұғалімдердің кәсіби әлеуетін жетілдірудің дара жолы

Желілік қоғамдастық — бұл кәсіби қоғамдастыққа және жалпы қоғамға білім беру мазмұнының инновациялық модельдерін әзірлеуге, сынақтан өткізуге және ұсынуға мүмкіндік беретін байланыстар жүйесі. Қазіргі заманда мұғалімге жүктелген талап жоғары әрі жан- жақты. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас қалыптасуда. Бүгінгі білім беру жүйесіндегі қажет болып отырған жаңару мұғалімдер алдына үлкен міндеттер жүктейді.

Мұғалім әрбір оқушының қабілетіне қарай білім бере отырып, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, бәсекеге қабілетті, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыра білуі тиіс.осы орайда ауданымызда географиялық позиция бойынша жақын орналасқан мектептерді топтастыру мақсатында құрылған «Өркен» желілік қауымдастығы жетекші мектеп қызыметін 2014 жылдан бері атқарады. Жетекші мектепке қарасты серіктес мектептермен бірлескен жоспар барлық педагогтердің қажеттіліктерін арттыруға бағытталып, сапалы әдістемелік қолдау, озат тәжірибені тарату мақсатын қамтиды.

Бастапқы кездерде желілік қауымдастық мүшелері деңгейлік курстан өткен сертификатталған мұғалімдерінен құралса, бүгінгі күні бұл жұмысқа мектеп тренерлері, іс-әрекеттегі зерттеу тренерлері, педагог-шеберлер мен зерттеушілер, сарапшылар қосылып, өздеріне белгіленген міндеттерді атқаруда. Серіктес мектептердің қажеттіліктері мен басымдылықтарын анықтау үшін өткен оқу жылының нәтижелері, жетістіктері мен кемшіліктері сараланып, мониторинг жүргізіледі. Мұғалімдер үшін арнайы құрастырылған сауалнамалар онлайн форматында ұйымдастырып алынады. Мұғалімдердің қызығушылық туғызып,қай бағытта қолдау алғысы келетіндігін анықтап, нақты қажеттіліктерді білу-сапалы жоспарды жүзеге асырудың кепілі.

Менің ойымша, дұрыс құрастырылған жоспар бүкіл қоғамдастықтың жетістікке жету алгоритмі болып табылады. Қадамдары анық, күтілетін нәтижесі айғақ жоспарға жетекші мектеп активтері толығымен қамтылып, үлкен мобилді топ жұмысы көрініс табу керек. Бұл жұмыстың бірі болып өңірімізде деңгейлік мұғалімдермен жоба жұмыстары ұйымдастырылады. Бірінші ілгері деңгей мұғалімдері арасында «Озаттар шеруі» жобасына облыс, республика көлемінде жетістігі бар, кәсіби тәжірибесі жинақталған  ұстаздар жоспарға сай ашық есіктер күнін өткізуде. ZOOM платформасында әріптестерге сабақтардан көріністер мен әдіс-тәсілдер, нормативті құжаттар, бағалау формалары, авторлық бағдарламалар мен сұрақ-жауап дискуссиялық алаңында қолжетімді болады.

«Озаттар шеруі» жобасы тәжірибе алмасу, көкейтесті сұрақтарға жауап алу, сындарлы кері байланыс пен өз жұмысына рефлексия беруге негізделген. Екінші және үшінші деңгейлі сертификатталған мұғалімдер арасында «#Бір_әдіс» хештегімен жоба жұмысы Facebook әлеуметтік желісінде педагог тәжірибесінде оң нәтижесін беріп, оқушылардың оқу мақсатына бағытталған тапсырмаларды орындауда тиімді бір әдіс-тәсілмен бөлісу болып табылады. Мұғалімдердің арнайы парақшада жариялаған әдістері арқылы  оқырмандар әдістемелік қоржынын байытып, тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік алады. Жоба түрінде берілген жұмыстар желілік қауымдастық жұмысын жүйелендіреді, бірлескен жоспарға сай нәтижеге бағыттайды, қарым-қатынас кеңістігін кеңейтеді.

Ең бастысы, озат тәжірибені таратуға таптырмайтын мүмкіндік береді. Жетекші мектеп ретінде жоспарлаған іс-шараларымыз серіктес мектептердің жаңашыл мектеп стандартына жетелеудің бір қадамы болса, біздің тараптан жұмыс атқаратын мобилді топ жұмысы орасан. Жас мамандармен жұмыс, «Табысты басшы», жаңартылған білім мазмұны ерекшеліктері, критериалды бағалау, авторлық бағдарламалар құрастыру және бекіту жолдары деген сияқты бағыттары сұранысқа ие.Бұл үдеріс тынымсыз жетілу процесін қажет ететін семинар-практикумдар, шебер-сыныптар, коучинг-сессиялар, вебинарлар мен әдістемелік күндермен ұласуда.

Біз мұғалімді жалықтыратын, тыңдауға мәжбүрлейтін жиындар емес, ашық дисскусиялық алаң, сындарлы кері байланыс пен сыншыл дос позициясын ұстанатын шаралар форматын өткізуге тырысамыз. Жарты жылдықта бір рет атқарылған жұмыстарға SWOT талдау жасау арқылы жеткен жетістіктеріміз бен кеткен кемшіліктерді саралап, қауіп-қатер мен мүмкіндіктерімізді анықтаймыз. Бұл жұмыс қайта жоспарлау (Re-Planning) бағыттарын қарастыруға үлесін тигізетіні сөзсіз. Биылғы оқу жылы қашықтан оқыту форматымен басталып, оқу үдерісі барысында штаттық режімге немесе аралас форматқа ауысқан мектептер бар.

Қазіргі кезде бір жыл көлемінде қашықтан оқытудың әсерінен оқушыларда кездескен кедергілер мен олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жаңа жұмыс жоспары құрылып, толығымен оқушылардың білім сапасын арттыруға негізделуде. Қауымдастықтағы мұғалімдер бір-біріне демеу болып, пәндер бойынша білім жетілдіру жолдары, жаңа форматтағы қорытынды атестаттауға дайындық жоспары мен ресурстарымен бөлісіп, жыл қорытындысының көрсеткіштерін жақсартуға бірлесе атсалысуда. «Жаяудың шаңы шықпас, жаяудың үні шықапс» демекші, кәсіби қауымдастықта бірлескен мұғалімдер күші талай белестерді бағындыратындығына сенімдімін.

Эльмира Даулетовна ЕСТИБАЕВА,
Ілияс Жансүгіров атындағы орта
мектептің
шетел тілі пәні мұғалімі,
жетекші мектеп координаторы,

педагог зерттеуші, Алматы
облысының Ақсу ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий