Өнерде өшпес ізің бар

Тасты жалпы білім беретін мектебінде «Қазақтың 100 әні» жобасы аясында «Өнерде өшпес ізің бар» тақырыбында жергілікті композиторлармен кездесу ұйымдастырылды. Жергілікті күйші, композиторлармен кездесу  арқылы, олардың шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен таратып, өз өңіріміздегі мәдениетке өз үлесін қосып жүрген өнерлі тұлғаларды кеңінен насихаттау, оқушылар арасындағы  өнерге деген сүйіспеншіліктерін  арттыру мақсатындағы іс-шара тағылымды мазмұнымен есте қалды. 

Басқосу бағдарламасы бойынша  ең алдымен келген қонақтар Кейкі батыр атындағы тарихи-өлкетану мұражайымен танысып болғаннан кейін,  оқушылармен кездесу алаңына келді. Ең алдымен қонақтарға «Танысу» тренингі өткізіліп, оқушыларға ақпарат берілді.  Кездесу кешіне өнерде жүрген, атақты күйші, атақты композитор, тағдыр тәлкегіне түссе де (оң қолынан айырылуы), домбырасын қолынан тастамай, өмірлік  серік еткен Айтбай Мұздаханов және Амангелді аудандық саз мектебінің директоры, бірнеше күйлердің авторы, облыстық, республикалық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы Кенжеболат Әлібекұлы келді.

Кешке 9-11 сынып оқушылары, ұстаздар, ауылымыздың өнерсүйер көрермендері, ауыл имамы, өнерді бағалай білетін Мейрамхан Жәуке қатысты. Бейнеролик арқылы композиторлардың өмірі мен шығармашылығына саяхаттап қайтқаннан кейінгі сөз қонақтарға берілді. Оқушылар да өз өнерін аямай, күй тартып, патриоттық әндер шырқап, кешті көңілді өткізді. Қатысушылар көкейтесті сұрақтарын қойып, күй өнері туралы білімдерін толықтырып қана қоймай, «Қонақкәде» сұрап, күмбірлеген домбыраның үнін Тасты өңіріне шарықтатты.

Кеш соңынан мектеп басшысы Айсұлу Әнуарқызы өз тілегін, алғысын білдіріп, өнердегі ерен еңбектерін бағалап, композиторларға мектеп атынан алғыс хат ұсынды. Айтбай Мұздахановтың батасын алған оқушылар бір жасап қалды. Қазақтың дәстүрі бойынша шапан жабылып, ас ұсынылды. Осындай қазағымның қайраткерлері әрдайым кейінгі ұрпаққа үлгі болып, алдыңғы буынды алға жетелеп отырса, еліміздің еңсесі әрқашан биік болмақ. Қазақтың рухани жаңғыруы – қазақтың рухының жаңғыруы.

Луиза Өтеғалиқызы АБДИРОВА,
Тасты жалпы білім беретін мектебі
директорының тәрбие ісі орынбасары,
Қостанай облысындағы Амангелді ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий