Биыл бітіруші түлектер қандай пәндерден емтихан тапсырады?

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бүгін ұйымдастырылған кезекті аппарат жиналысында вице-министр Шолпан Каринова бүгіннен бастап барлық орта мектепте жиынтық бағалау жұмыстары басталғанын айтты, – деп хабарлайды осы салалық ведомстваның баспасөз қызметі.

Биылғы жылы 9 және 11-сыныптардың мектеп бітірушілері үшін емтихандар, мемлекеттік емтихандар өткізіледі. 9-сыныптар пандемияға дейін төрт емтихан тапсырса, биыл олардың саны қысқарып, 3 емтихан тапсырады. Емтихандардың уақыты 7 маусымда аяқталады. Одан кейін 9-сынып түлектеріне мектепті бітіргендігі туралы аттестаттар табысталады, – деді ол. 9-сынып оқушылары қазақ тілі (орыс тілі), матеметика (алгебра) және қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан тапсырады.

11-сыныптар пандемияға дейін 5 емтихан тапсырса, енді биылғы оқу жылында бір емтиханға қысқарып, 4 мемлекеттік емтихан тапсыратын болады. Бұл емтихандардың мерзімі 10 маусымда аяқталады. Одан кейін мектеп бітірушілерге орта білімді аяқтағандары жөніндегі аттестаттары беріледі, – деді вице-министр өз сөзінде. 11-сынып оқушылары қазақ тілі (орыс тілі), алгебра және талдау негіздері бойынша жазбаша емтихан, Қазақстан тарихы мен қазақ тілінен тест тапсырады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий