Пандемия кезіндегі кәсіби бағдар берудің инновациялық тәсілдері

Қазіргі заманауи жағдайда қоғамды жаһандық ақпараттандыру – жаңа ғасырдағы өркениеттің дамуындағы басым тенденцияларының бірі. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуының арқасында жаңа тіршілік көзі мен ақпараттық тіршілік ортасы пайда болуда, яғни постиндустриалды-ақпараттық қоғам қалыптасуда. Міне, сондықтан да білім беру жүйесінің алдында жаңа міндет тұр – жас ұрпақты өз бетінше шешім қабылдау мен жауапкершілікке және жоғары ақпараттық ортадағы кәсіби қызметке, бәсекеге қабілетті болуға дайындау.

Сондықтан қазіргі білім беру үдерісін ақпараттандыру – маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Білім берудің бейіндік білім беруге көшуіне байланысты мектеп оқушыларының тұлға болып қалыптасуы мен кәсіби өзін-өзі тану мәселесі күшейді. Мамандық таңдау – бұл адамның өмірдегі ең маңызды шешімдерінің бірі, себебі әр адам жұмысының қызығушылықтар мен мүмкіндіктерге сәйкес келуін, қуаныш әкелгенін және жоғары жалақы алғанын қалайды. Мамандық таңдауда көптеген факторлар әсер етеді.

Мысалға, кей жағдайларда мектеп бітірушілердің қызығушылықтары мен қабілеттері болса, басқа жағдайларда достар мен ата-аналарының пікірлері. Ал, мамандықты өз бетімен таңдаудағы ең елеулі кедергілердің бірі – әр түрлі мамандықтар мен қажетті білім алуға болатын оқу орындары туралы ақпараттың жеткіліксіздігі. Тәжірибе көрсеткендей, 10-11 сынып оқушыларының барлығы бірдей кәсіби таңдау мәселесінде өз бетінше ойлана алмайды. Сондықтан, кәсіби бағдар беру жұмысының рөлі заманға сай қарқынды өсті және оны ұйымдастыруда, жүргізуде жаңа тәсілдер қолданылуда. Бұл көбінесе еңбек нарығы мен мамандық түрлерінің кеңеюімен байланысты.

Біздің рекрутинг кәсіби бағдар беру орталығының міндеті – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен мектеп бітіруші түлектердің бойларындағы кәсіби қабілеттерін өз бетінше анықтауға деген ынтасын арттыру және мамандықты дұрыс таңдауға атсалысу болып табылады. Әлемдік пандемия кезіндегі компьютерлік технологиялар мен интернет күшін тиімді пайдалану арқылы жас түлектердің, яғни талапкерлердің белсенді дербес қызметке бағдар алуларына, орта мектеп оқушыларына өздерінің негізгі бейімділіктері мен қабілеттерін тәуелсіз талдауға дайындықты қалыптастыруға көмектеседі.

Жеке және кәсіби қызығушылықтары мен бейімділіктерін алдын-ала анықтауға мүмкіндік беретін, кәсіптің заманауи адамның әлеуметтік қызметінің маңызды түрі ретінде мамандықтың адамға қоятын талаптары туралы түсінігін қалыптастыратын, кәсіби бағдар беру жұмысының формалары мен принциптерін жаңартудың нақты көзі болып табылады. Ақпараттық технологиялар арқылы кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізетін заманауи тәсілдерге тоқталатын болсақ, ең біріншісі бұл – оқуға қабылдау және оқыту ерекшеліктері туралы ақпарат беретін, басым мамандықтар бойынша ұсыныстар алуға және осы мамандықтардың сипаттамаларын көруге болады.

Сондай-ақ оқу ақысы, студенттік өмір және басқа да жалпы университет туралы толық мәліметтерді алуға болатын – ресми сайт. Университеттің ресми сайты www.korkyt.edu.kz, оған қоса «Рекрутинг» кәсіби бағдар беру орталығының арнайы талапкерлерге арналған қосымша сайты да бар www.qorqyt2021.kz. Бұл сайтта арнайы тек оқуға түсушілерге арналған деректер жинақталған. Бұл жерде сондай-ақ университет пен орталықтың әлеуметтік желілерге әлемдік www.vincos.it сайты жүргізген сараптамасы бойынша көшбасшы орында тұрған Марк Цукербергтің Facebook желісі бойынша талдау жасасақ. 

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» мен  «Рекрутинг Орталығы Қорқыт Ата» парақшалары, дәл осы әлеуметтік желінің еншісіндегі 1,1 миллиард қолданушысы бар Instagram-дағы «@qorqytata_university» мен «@recruiting.qorqyt» ресми аккаунттары (Білім және ғылым министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының соңғы жаңалықтары, оның ішінде әсіресе ҰБТ-ның жаңа форматы мен соған қатысты барлық мәліметтер, университет тынысын көрсетін жаңалықтар және мамандықтар бойынша ақпараттар жүйелі түрде жарияланып отырады.

Арнайы оқырмандар үшін түрлі конкурстар ойнатылып, сыйлықтар таратылады, ең бастысы – талапкерлердің сұрақтарына жауаптар қайтарып, кері байланыс орнату үшін қолданылады), Павел Дуровтың «VoIP» жүйесі бар кросс платформалы Telegram мессенджеріндегі «@recruiting_center_bot» боты (мамандықтар мен грант бойынша мәліметтерді,мграфикалық дизайнға арналған Canva  кросс платформалық жүйесінде жасалған «Q-life» талапкерлерге арналған электронды журналдардың жаңа шығарылымдарын, университет туралы бейнероликтерді және тағы да басқа  керекті деректерді талапкерлер  өздеріне жүктеп алу үшін жүйелі түрде жұмыс жасауда).

YouTube бейне хостингіндегі «Recruiting.Qorqyt» пен «Кызылординский университет имени Коркыт Ата» видеоарналары (университетке түсудің жеті себебі, кафедра меңгерушілерімен сұхбаттар, басқа да қызықты түрлі видеороликтерді көріп, керекті мәліметтерден хабардар болу үшін видеолар  жарияланып отырады), әлемдік төрт ірі корпорацияға кіретін американдық көпұлтты Google интернет жүйесінде recruiting.qorqyt@gmail.com электронды поштасы бар (кіріс-шығыс хаттар үшін, талапкерлерді қызытырған сұрақтарға жауаптар беру үшін қолданылады).

Және осы пошта арқылы талапкерлер арасында түрлі мәліметтер жинақтау үшін сауалнамаларды жүргізуде Google-форма қолданылады. Сондай-ақ, бүкіл әлемге еңтанымал тегін WhatsApp жүйесі арқылы call-орталығы өз жұмысын жүргізуде. Көрсетілген 8 702 922 44 58 телефон номері арқылы барлық ата-аналар мен мектеп бітіруші түлектер барлық қызықтырған мәселелерін шеше алады. Енді ең маңызды тәсіл – ол осы мектеп бітіруші түлектермен жүздесу. Қазіргі карантиндік ахуалға орай, бұл тәсіл де заманауи форматына көшті.

Жүйелі түрде аймағымыздың әр түкпірінен оқуға түсушілермен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуші спикерлер Zoom платформасы арқылы онлайн кездесулер өткізуде. Осы жерде айта кететіні, онлайн кездесулер осы американдық байланыс технологиялар компаниясы арқылы тек облыс төңірегінде ғана шектелмей, Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының жас түлектерімен де өтті. Осы көрсетілген барлық әлеуметтік желілерге тез және оңай қосылу үшін соңғы заманауи тәсілмен https://taplink.cc/recruiting.qorqyt сілтемесі іске қосылды.

Яғни, заманауи технология қазіргі жас түлектердің өзекті, керекті, қызықты мәліметтермен және ақпараттардан хабардар болу үшін көп мүмкіндіктер береді. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Рекрутинг» орталығының кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудың қазіргі заманғы инновациялық түрінің айрықша ерекшелігі – тек үгіт насихат жүргізу емес, ең бастысы жастардың тұлға ретінде оның жеке ерекшеліктері мен олардың қажеттіліктерін ескере отыра, мамандықты еркін, саналы және тәуелсіз таңдауға даярлау!

Жандос Шынжырбайұлы ОРАЗМАХАНОВ,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіндегі
рекрутинг орталығының жетекшісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий