Ел бірлігі зияткерлер көзімен

Қазақстан халықының бірлігі күніне орай Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қашықтан мектепішілік сурет байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі. Шығармашылық байқауға 7-8-сынып оқушылары қатысты. Жас зияткерлер түрлі сурет салу техникаларын пайдалана отырып, өз жұмыстарында ынтымағы жарасқан көпұлтты мемлекетіміздің басты байлығы – ұлыстар достығын бейнеледі.

Байқау нәтижесі бойынша бірінші орынды Алтынай Әубәкір иеленсе, ІІ орынды Арайлым Ханым қанжығалады. Ал ІІІ орын Нұрсултан Елман мен 7-сынып оқушысы Шыңғысхан Нұрланға бұйырды. – Оқушылар жұмыстарында туған еліне деген қарым-қатынасын және мереке туралы түсініктерін білдірді. Балалар достықтың киелі мекеніне айналған Қазақстанның кең байтақ жерін және ұлттар бірлігін баяудың қанық түстері арқылы бейнеледі, – дейді педагог Нариман Сариев.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий