Ақмолалық 14 оқушы республикалық олимпиадада топжарды

“Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының қолдауымен жалпы білім беретін пәндер бойынша 2020-2021 оқу жылының республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық және практикалық білімдерін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына жәрдемдесу, халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындық, отандық білім беру саласының беделін арттыруға бағытталған болатын. Жыл сайын республикалық олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 16 жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында төрт кезеңде өткізіледі. 2020-2021 оқу жылында республикалық олимпиаданың мектеп кезеңіне 16672 бала қатысты, оның ішінде аудандық кезеңге 4931 оқушы өтсе, облыстық кезеңге 422 оқушы қатысты.

Коронавирус пандемиясына байланысты қорытынды кезең «Ustudy» компьютерлік тестілеу орталығының базасында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Көкшетау қаласында ұйымдастырылды. Олимпиада «Бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасы бойынша прокторинг жүйесін қолдану арқылы өткізілді. Республикалық олимпиадаға еліміздің барлық облыстарынан 1500-ден астам оқушы қатысты. Ақмола облысынан республикалық олимпиадада 73 оқушы бақтарын сынады. Олар облыстық кезеңнің жеңімпаздары Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Зеренді, Целиноград, Шортанды аудандарынан, “Білім-инновация” лицейінен, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №3, №4 мектеп-интернаттарынан және Көкшетау, Степногорск қалаларынан.

Олимпиаданың жабылу салтанаты онлайн режимінде өтті. 2020-2021 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей – интернатының 10 сынып оқушысы Алдияр Мыңбаев ағылшын тілі пәнінен бірінші дәрежелі диплом иегері атанды. «Информатика» пәні бойынша Көкшетау қаласының «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Ибодуллаев Руслан екінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Келесі оқушылар үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталды: Даминов Арслан – «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы, математика пәнінен; Алпысбай Әділхан – «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы, математика пәнінен; Болатқан Лұқман – «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы, физика пәнінен; Шарипов Амирлан – «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы, информатика пәнінен; Какенов Санжар – «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы, биология пәнінен.

Ситнер Екатерина – Көкшетау қаласындағы №5 «Таңдау» мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен; Касаткин Владимир – Щучинск қаласындағы №4 орта мектебінің 11 сынып оқушысы, Қазақстан тарихы пәнінен; Ирмашев Назар – Бурабай аудандық Баянбай орта мектебінің 11 сынып оқушысы, құқық негіздері пәнінен; Ахметжанова Айзада – Көкшетау қаласындағы М. Ғабдуллина атындағы №3 көптілді оқыту бейіндік мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы, құқық негіздері пәнінен.

Сыздықова Мейірім – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы, өзін-өзі тану пәнінен; Кравинкина Анастасия – Аршалы ауданы, Сарыоба орта мектебінің 10 сынып оқушысы, өзін-өзі тану пәнінен; Ильина Анастасия – Атбасар қаласы, №2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы, өзін-өзі тану пәнінен. Барлық жүлдегерлерді жарқын және лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Осы жетістіктің энергиясы сіздерді позитивпен қуаттандырсын және әрі қарай жетістіктерге жаңа серпін берсін!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий