Азиза – мектеп мақтанышы

Жолдошбекқызы  Азиза (ұлты-қырғыз) біздің білім ордасындағы қарымы мен қабілеті жоғары шәкіртттердің бірі. Денсаулығына  байланысты  үйден  білім алса да, өте  ұқыпты, дарынды  оқушы  десек  артық  болмас. Тұла  бойы  даралық пен дарындылыққа толы. Кішкентай  кезінен кітапқа қызығушылығы артып, ақын-жазушылардың  өлеңдерін  жаттап, мәнерлеп оқи бастаған.

Өлеңнің  барлық  жанрларын  емін-еркін  оқып, жанымен  сезіне  біледі.  Өлең  оқығанда  алдына  жан  салмай  кетеді. Дарын – адам  бойындағы  асқан  талант, ерекше  қабілет  екені  бәрімізге  аян. Ал дарынды  баланы шығармашылық  бағытта  жан-жақты  дамыту – бүгінгі  күннің  басты  талабы  болмақ. «Бұлақ көрсең  көзін  аш» дегенде, дарынды  баланың бойындағы  ерекше  қасиетін  дамыту,  ашу әрине  мұғалімдердің  кәсіби  біліктілігіне  байланысты. Дарындылық  белгісінің  бірден-бірі – тілдің  ерте  шығуы.

Әсіресе, егер  бала  бөлек-бөлек  сөздерден  қарапайым сөздерге  көшсе, бұндай  балалардың  сөз  байлығы да  мол, әңгімесі  де  мәнерлі  болып  келеді  және  олар  сөздің  реңі  мен  ішкі иірімдерін терең түсінетін ерекшелігі  бар. Азизада дәл  осының  бәрі байқалған. Ол үйден  білім  ала  отырып, сыныптың барлық тәрбие сабақтарына, ізденіс-зерттеу жоба жұмыстарына сыныптастарымен бірге қатысып, жобасын сәтті қорғады. Түрлі тақырыпта ұйымдастырылатын сынып сағаттарының  жүргізуші қызметін  атқарды. Мектепішілік  іс-шаралардың  бәріне  қызыға  қатысып, жүлделі орындарды иеленді.

«Тіл мерекесі», «Көркем сөз  байқаулары», «Ақын-жазушылар өлеңдерінің  сынағына белсене қатысып, үнемі биіктен  көрінуде. 2019-2020 оқу  жылында түрлі  мектепішілік, аудандық, облыстық,  республикалық байқауларда бағын сынап, шығармашылық шеберлігін шыңдай  түсті. «Nur Otan» партиясы аудандық  филиалы  ұйымдастырған  Абай Құнанбайдың 175 жылдық  мерейтойына  орай  өзге  ұлт  өкілдері  арасындағы «Ортақ  Абай» көркемсөз  оқу  байқауының екінші орын  иегері атанып, дипломмен, (құлаққап) бағалы  сыйлықпен  марапатталды.

Сынып жетекшісі ретінде маған жан-жақты дамыған тұлғаны жетілдіруде қосқан үлесім  үшін Алғыс хат  берілді. 2020-2021 оқу жылында да ол онлайн жарыстарға қатысып, қатарластарының арасында озық атанды. «Kemel» өнер білім орталығы ұйымдастырған мектеп оқушылары арасындағы «Көктем нұры» атты  республикалық байқауға қатысқан білімгерге мәнерлеп оқу аталымы бойынша  ерекше  өнер  көрсеткені үшін бірінші дәрежелі диплом табысталса, дарынды  шәкірт дайындаған сынып жетекшісі Алғыс хат алды.

Гульнар Чакирбековна МУХАМАДЬЯРОВА,
Жетісу  орта  мектебінің педагог зерттеушісі,
8-сынып  жетекшісі, Алматы  облысы, Сарқан  ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий