Адал ұрпақ тәрбиесі

Мемлекет мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – барлығымыздың борышымыз. Қазіргі таңда өскелең  ұрпаққа білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек. Жас ұрпақты адал етіп тәрбиелеу – Отанына адал қызмет етуге баулудан және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болуға үйретуден тұрады. Ұрпағымыз сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беруге міндеттіміз. Сол үшін ар мен ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажет.

Бағбан жас шыбықты  жерге отырғызып, қалай баптаптаса,   бала тәрбиелеуде де тура солай. Бүгінде білім беру мекемелері осы қағиданы ескеріп, оқушылардың  бойында әділдік, адалдық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында жаңа жобалар жүргізуде.Осындай жобалардың бірі – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ,жергілікті әкімдіктердің қолдауымен мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру аясында республика мектептерінде «Адал ұрпақ» еріктілер клубы» жобасы жұмысы жүріп жатыр.

Осы жоба аясында біздің білім ордасында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылған болатын. Басты мақсаты – оқушыларға рухани адамгершілік және азаматтық — патриоттық тәрбие беру. Олардың бойында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру. Осы мақсатқа сай лицейімізде шәкірттерімізді адалдыққа, ізгілікке тәрбиелейтін онлайн форматта  түрлі іс-шаралар атқарылып жатыр.

Сонымен бірге биылғы оқу жылында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен еліміздің барлық аумағында «Адалдық сағаты» жалпы республикалық бірыңғай акциясы тоқсан сайын өткізіліп келеді. Адалдық сағатының мақсаты – оқушыларға адамның басты құндылықтары – адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім туралы ұғындыру, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды тағы басқа адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету, бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу. Сынып сағатының барысында оқушыларға «Адалдық сағаты» бейнеролигі көрсетілді.

Атап айтсақ, «әл- Фараби және қайырымды қоғам», «Сәкеннің өнегелі жол», «Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы», «Ыбырай Алтынсарин – ұлы дала ағартушысы», Мұқағали Мақатаев –мәңгілік ғұмыр, «Туралықты тұғыр еткен Төле би», «Қазыбек би мұрасындағы парасаттылық қағидаттары», «Ар –намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан», «Шәкәрім өсиеті-адалдық айнасы», Адалдықты мұра еткен ұлы Абай» Осындай  ұлы ойшылдардың еңбектерін кеңінен насихаттау – саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісі.

Осындай іс-шаралар арқылы жас ұрпақты  мектеп қабырғасынан ізгі қасиеттерге баулитын болсақ және баланың санасына тазалық, жауапкершілік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік қағидаттарын сіңі­ретін болсақ, есейген кезде оның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасып, саналы өмір сүруге мүмкіндігі жеткілікті болады. Ата заңын құрметтеп-қастерлейтін, отанына шын берілген адал ұрпақ – Мәңгілік елдің кепілі.

Гүлнұр Алпысбайқызы ҚАЙЫПОВА,
М.Мәметова атындағы №28 мектеп
лицейдің мұғалімі, Алматы қаласының
Медеу ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий