О.Сүлейменов – 85: Ақын атындағы бірегей байқау

Біздің білім ордасының байырғы түлегі, қазақ ақыны, жазушысы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері, Қазақстаның Еңбек Ері Олжас Сүлейменов биыл 85 жасқа толады. Танымал тұлғаның әлемге әйгілі «Жер, Адамға тағзым ет!» поэмасының жазылғанына да алпыс жыл. Тәуелсіздіктің отыз жылдығымен тұспа-тұс келген осы атаулы күндерге орай  халықаралық деңгейде “Мен өмір сүретін әлемде жүрек бар…” атты  байқау жарияланған болатын.

Дүбірлі додаға Алматы және Невель және Санкт-Петербург қалаларындағы мектеп, лицейлер мен гимназиялардың 5-11 сынып оқушылары шақырылып, Алматы және Қостанай облыстарының жүзге жуық білімгерлері үш тілде Олжас Сүлейменовтің өлеңдерін оқудан бақтарын сынады. Байқаудың ашылуында Олжас Омарханұлының өмірбаяны айтылып, барельеф-мұражайына саяхат жасалды. Салтанатты басқосуда ұстаздар ұжымының жетекшісі Медетбекова Айсұлу Темірғалиқызы сөйлеген сөзінде үміткерлерге сәттілік тілеп, қолдаушыларға алғысын жеткізді.

Олжас Сүлейменовтің шығармашылығын насихаттау, отандық тарих пен әдебиетке қызығушылықты арттыру, оқушылардың мәдени деңгейін арттыру басты мақсат болатын. Байқауға қатысушылар үш кезең бойынша “Олжас Сүлейменов және бейнелеу өнері” атты Олжас Сүлейменовтің шығармалары бойынша сурет байқауы; Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы туралы эссе байқауы;  “Олжас оқулары” мәнерлеп оқудан бақтарын сынады.

Олжас Омарханұлының оқушыларға жылы лебізін білдіріп, ризашылығын айтқан арнайы хаты оқылды. Атақты ақын жүрек жарды жазбасында поэзия адамның ой-өрісін дамытатындығына тоқталып, оқушыларға шығармашылық табыс пен қуаныш тілеген.

Лаура Даулетовна ЕПЕКОВА,
Мәншүк Мәметова атындағы №28
мектеп-лицейдің мұғалімі, Алматы
қаласының Медеу ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий