“ЭкоАсар”: Ізгі істер марафоны

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы мен Білім беруді жаңғырту орталығы “ЭкоАсар – Ізгі істер марафоны” байқауының жеңімпаздарын құттықтау рәсімін елордалық №43 мектепте оффлайн-форматта ұйымдастырды, – деп хабарлайды осы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Байқау жеңімпаздарына 110 түптен астам алма ағашын елімізге танымал бағбан селекционер Қайрат Кәрімов тегін таратып берді. Алма ағаштары солтүстік өңірдің климатына ыңғайланған, сұрыптары жаңа. Мерекелік шараға Орал қаласындағы халықаралық тәжірибелік коллекциялық бағының басшысы Кәрімов Қайрат Боранбайұлы, Қайрат Боранбайұлы, «ӨКМ Операторы» ЖШС-ң стратегиялық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Хайрулла Қайратғали Сағынғалиұлы, 

Басқосуға рухани жаңғыру кеңсесінің басшысы  Ақтаева Ақерке Жұмабекова, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының бөлім басшысы Абдрасилов Нұржан Аманғалиұлы, Нұр-Сұлтан қаласындағы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Қожабаева Алия Толеутаевна,  «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы РҚБ төрағасы Садвакасова Динара Тайбасаровна,   «Nur Otan» партиясының «Бірлік» филиалының төраға орынбасары Қожахметов Шыңғыс және «ЭкоАсар» жобасының көшбасшылары дар арнайы шақырылған болатын. 

«ЭкоАсар – Ізгі істер марафоны» қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға мектеп жасынан үйретуді көздейді. 2020-2021 оқу жылынан басталған «ЭкоАсар» жобасы аясында астаналық мектеп жеңімпаз атанды. Қатысушылар «Оператор РОП» ЖШС атынан ақшалай сертификаттарды иеленді.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий