Әлемдік би өнерінің дамуы

Би — музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-әсерлері би қимыл-қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл — бимен бейнелеу көне дәуірде өмір талабынан туды. Уақыт ұзаған сайын би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты.

Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде (ГрекияРимМысырҚытайҮндістан) билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті. Би музыкамен тығыз байланысты. Көптеген халықтың билері ұрмалы музыкалық аспаптардың ырғақты үнімен орындалады. Би хореографиясы жинақы образдар арқылы болмысты бейнелеп, адамның ішкі жан дүниесін көрсетеді. Экономикалық, әлеуметтік, тарихи географиялық және тағы да басқа факторлардың әсерімен де әр халықтың өзіне ғана тән би дәстүрлері, өзіндік хореография тілі, пластикалық бейнелілігі, қимыл-әрекетті музыкамен байланыстыру тәсілдері пайда болды.

Солардың негізінде бал билері мен кәсіби сахна биі қалыптаса бастады. Кәсіби өнерде би жоғары деңгейге көтеріліп, ғылыми жүйеленді. Еуропа классикалық биі, Азия мен Африка халықтарының билері сияқты түрлері қалыптасты. Шығыс елдерінің билері бет-пішіннің нәзік құбылуы және қол қимылы секілді дәстүрлі ишараларымен ерекшеленеді. Би — қазақтың халық фольклорының көне түрлерінің бірі. Ол туралы Қазақстан жерінде сақталған тастағы суреттер, тарихи деректер, орыс саяхатшылары, тарихшылары, ғалымдарының этнографиялық жазбалары сыр шертеді.

Қазақ музыкалық театры (қазіргі Опера және балет театры) 1934 жылы құрылғаннан кейін сахналық билерді шығару қызу қолға алынды. Музыкалық, опералық спектакльдердегі алғашқы сахналық билерде ұлттық ойындар, салт-дәстүр элементтері Орта Азия және Қазақстан халықтары билері мен классикалық бидің стильдік қимыл-әдістері қолданылды. Мәскеуде 1936 жылы ұйымдастырылған қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде қойылған спектакльдерде бұл билер көрермендер назарына ұсынылды.

Алматыда 1930 — 40 жылдар аралығында болған халық шығармашылығының бүкіл қазақстандық слеттерінде көрсетіліп, үлкен табысқа ие болды. Өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бастап ұлттық балетмейстерлер қазақтың фольклорлық билерін, оның нағыз ұлттық қимыл-ерекшеліктерін зерттей бастады. Өңделген фольклорлық билер алғашқы сахналық билермен біріге, қазіргі заманғы қазақ билерінің негізін құрды. Оларды классикалық би ансамблі, ән-би ансамблі, “Гүлдер” эстрадалық жастар ансамблі, “Сазген” фольклорлық этнографиялық ансамблі, “Алтынай” мемлекеттік халық биі ансамблі сынды тағы да басқа шығармашылық ұжымдар орындады.

Сондай-ақ, би өнері көркемөнерпаздар ұжымдарының репертуарынан да кеңінен орын алды. Жиырмасыншы ғасырдың 60-жылдарынан жазып алына бастаған халықтық-фольклорлық билер мен оның шығу тегі ғыл. тұрғыда зерттелді. Солардың негізінде ұлттық хореографтар жаңа шығармалар тудырып, би өнерінің жан-жақты дамуына үлес қосты. Алматы жоғары би өнері мектебі кәсіби бишілерді даярлайды.

Арай ДАМУ,
“Балалар шығармашылық орталығы”,
хореография сыныбының жетекшісі
,
Алматы облысының Текелі қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий