“Әке мен бала”: Сәндік қолданбалы intensive

Отан қорғаушылар күніне орай елордалық әкелер кеңесінің қолдауымен Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Әке мен бала» атты сәндік-қолданбалы intensive ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы қосымша білім беру орталығының баспасөз қызметі.

Мерекелік шараға әкелер кеңесінің белсенді мүшелері мен ер балалар қатысты.  Жобаның мақсаты – балаларға тәуелсіз елімізге, Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне деген патриоттық және мақтаныш сезімдерін ояту, рухани және адамгершілік тұрғыдан дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Intensive  әскери тақырып  бойынша  құрылған квесттен басталды. Әкелер мен ер балалар ағашта бейнеленген суретті тоқпен күйдіру жұмыстарын жүргізді. Күйдіру жұмыстары топтық негізде жүзеге асты. Әкелер кеңесі бастаған «Әке мен бала» атты шеберханалық жұмыстар мектепішілік әкелер кеңесі негізінде өз жалғасын табатын болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий