ҰБТ – 2021: Оралдық алғашқы 135  түлек сынақ тапсырды

Кеше еліміздің мектеп бітіруші түліктеріне электронды ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Батыс қазақстан облысындағы білім сынағы арнайы жабдықталған тестілеу базасында «Бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» форматы бойынша ұйымдастырылуда, – деп хабарлайды Орал қаласындағы білім бөлімінің баспасөз қызметі. 

Сынақтың алғашқы күні облыс бойынша 172 түлек ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірген. Оның 135-і  Орал қаласы мектептерінің түлектері.  Биылғы жылғы жаңа ереже бойынша, мектеп бітірушілер ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижені грант иелену үшін конкурсқа жолдай алады. ҰБТ өткізу барысында санитарлық шектеу шаралары қатаң сақталуда. Оқушылар төрт кезеңнен тұратын дезинфекциялық шаралардан өтіп, сынаққа кіреді. Айта кетейік, биыл Орал қаласы мектептерін жалпы 2367 түлек бітіреді. Олардың 1805-і ҰБТ тапсыруға тілек білдіріп отыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий