Жеңіс жырларын ағылшын тілінде оқыды

Бекітілген жоспар бойынша ағылшын тілі пәнінен 3-4 сынып оқушылары арасында «War.Victory.Memory» мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Орал қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі. Байқауға 3-4 сыныптардан 43 оқушы қатысты. Шәкірттер екінші дүние жүзілік соғыста елін жаудан қорғап қалған ержүрек ата-бабаларымызды құрмет тұтып, туған жерге деген сүйіспеншіліктері мен патриоттық, елжандылық сезімдерін білдіретін өлеңдерін мәнерлеп, шеберлікпен жатқа оқыды. 

Басты мақсат – өскелең ұрпақ арасында Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, көркемдік шеберліктерін қалыптастыруға бағытталған. Байқаудың қорытындысы бойынша өлең оқу мәнерімен дараланған №5 ЖОББМ оқушысы Айару Әміртай (мұғалімі А. Губайдуллина) мен №25 ЖОББМ оқушысы Анель Мұрат (мұғалімі С. Калешова) бірінші орын алды.

Екінші орынды №10 ЖОББМ оқушысы Айдана Тұрсынғали (мұғалімі А.Метенова), №17 ЖОББМ оқушысы Лямина Маргарита (мұғалімі В. Баймагамбетова), №40 ЖОББМ оқушысы Айбын Лабиб (мұғалімі Н. Габдулова), №42 «Ақ ниет» МГ оқушысы Айқын Әділұлы (мұғалімі А. Амангелдиева), №45 ЖОББМ оқушысы Еділ Нохан (мұғалімі А. Мадиева) иеленді.

Жүлделі үшінші орынға А.С.Макаренко атындағы №6 ЖОББМ оқушысы Бекет Нурлыбаев (мұғалімі Б. Мауталиева),  №16 ЖОББМ оқушысы Мария Решетова (мұғалімі С. Бекбулова),  №19 ЖОББМ оқушысы Ақбота Шатлан (мұғалімі А. Құрманғалиева), №36 ЖОББМ оқушысы Камшат Қанат  (мұғалімі Ұ. Хасимова), Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназия оқушысы Әлихан Қаюбалиев (мұғалімі Қ. Ақдаулетова), №46 ЖОББМ оқушысы Инабат Шилібай (мұғалімі Б. Ғаппарова), №47 ЖОББМ оқушысы Ақерке Есентемір (мұғалімі А. Галимова) лайық танылды.

Сондай-ақ, ерекше  өнер көрсеткен №20 ЖОББМ оқушысы Жансая Аренова (мұғалімі А. Нұрманова), № 32 ЖОББМ оқушысы Арсений Юрченко (мұғалімі Е. Панарина), №43 ЖОББМ оқушысы Әдемі Қуанғалиева (мұғалімі А. Орынғалиева) есімді  оқушыларға алғыс хат ұсынылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий