Ақмола облысы: Арнайы білім берудің үздік педагогы анықталды

Педагог кәсібі күрделі және қызықты, ал «ерекше» балалармен, дамуында және денсаулығында мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істеу кезінде педагог кәсібі одан әрі маңызды бола түседі. Арнайы білім берудің үздік педагогын анықтау мақсатындағы облыстық байқаудың қорытынды кезеңіне жергілікті арнайы білім беру ұйымдарының дефектологтары, логопедтері, әлеуметтік педагогтері мен психологтары қашықтан қатысты, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Біздің облыста бұл байқау алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Байқауға қатысу үшін қатысушылар портфолио ұсынды. Портфолионы қарау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді. «Үздік әлеуметтік педагог» номинациясы бойынша: үшінші орын Вереницына Анастасия Олеговна, Көкшетау қаласының «Мейірім» оңалту орталығы; екінші орын Кәрімова Айжан Серікқызы, Көкшетау қаласының № 1 облыстық арнайы мектебі; бірінші орын Матвиенко Светлана Николаевна, Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылы «балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені

«Үздік психолог» номинациясы бойынша үшінші орын Вейс Марина Юрьевна, Көкшетау қ. № 1 облыстық арнайы мектебі; екінші орын Ботанова Индира Амангелдіқызы, Көкшетау қаласындағы ауданаралық психологиялық медициналық педагогикалық консультациясы; бірінші орын Бегайдарова Зиягүл Төлегенқызы, Көкшетау қ. № 4 облыстық арнайы мектебі. «Үздік логопед» номинациясы бойынша үшінші орын Вельке Татьяна Владимировна, Ерейментау қаласындағы № 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті; екінші орын Смирнова Ольга Игоревна, Көкшетау қаласының № 1 облыстық арнайы мектебі; бірінші орын Леонова Лариса Брониславовна, облыс орталығындағы ауданаралық психологиялық медициналық педагогикалық консультациясы.

«Үздік дефектолог» номинациясы бойынша үшінші орын Кучугова Светлана Ивановна, Степногорск қаласының № 3 облыстық арнайы мектебі; екінші орын Жұмағатова Әлия Бегендікқызы, Атбасар қаласының № 2 облыстық арнайы мектебі; бірінші орын Күлбаева Айгүл Кеңесқызы, Көкшетау қаласының № 4 облыстық арнайы мектебі. Әрбір аталымдар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сыйлықтар үлестірілді. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий