Мектепалды даярлық сыныптарда дидактикалық ойындарды дамыту

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» – деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алды. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Балалар ойын арқылы тез табысып, жақсы ұғысады, бірінен – бірі ептілікті үйренеді. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай олардың мінез – құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған.

Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым – қатынастарымен танысады. Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез – келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей ақпарттын ағыны  ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ. Ойын – дегеніміз не? Ойын дегеніміз – халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.

Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, дене шынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын. Соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы – баланың ой өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай – ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым – қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.

Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек.

Балалардың таным қабілетін, логикалық ойы мен өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді: заттық дидактикалық ойындар мен дидактикалық ойыншықтар және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады; үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар «Лото», «Домино» және тағы да басқалар; сөздік дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл – ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Өз іс – тәжірибемде мен балалармен тілдік дидактикалық сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр – түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым – қатынас жасай білуге үйретемін.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде ұстаздың: балалардың сөздік қорларын дамыту; жаңа сөздерді меңгерту; үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындарды пайдаланамын. Осындай жұмыстар нәтижесіз емес көптеген сайыстарда оқушылар жоғары белестерден көрінуде.

Нургуль Орынбасаровна ЗАЛГАРАЕВА,
Темірбек Жүргенов атындағы №80 мектеп
гимназияның бастауыш сынып мұғалімі,
Қызылорда облысының Қармақшы
ауданына қарасты Төретам кенті

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий