Қашықтан оқытудағы қолжетімді интернет-платформа

Әлемді әбігерге түсірген пандемия басталғалы қашықтан оқыту процесін ұйымдастыруға еліміздегі білім беру ұйымдары, соның ішінде барлық мектептер көшкені белгілі. Қашықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің әр түрлі қашықтықта толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту. Қашықтан білім беру технологиялары қашықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде ұйымдастыруға негізделген.

Бұрын-соңды кездеспеген жағдай болғандықтан, алғашында қашықтан оқыту барысында әсіресе мектеп оқушылары мен ата-аналар үшін көптеген қиындықтар кездескені шын. Тіпті оқушылармен арада нақты бетпе-бет байланыстың болмауы, компьютер мен интернеттің қолжетімсіздігі, зертханалық және практикалық сабақтардың болмауы тәрізді мәселелер ұстаздар үшін де едәуір қиындықтар туғызды. Дегенмен мектеп мұғалімдері қиын жағдайға қарамастан өздеріне жүктелген үлкен жауапкершілікті бірден сезініп,бар күш-жігерлерін сала отырып заман талаптарына қарай бейімделе алды.

Мектеп мұғалімдері қашықтықтан оқыту процесін ұйымдастыру жолдарын меңгертуге арналған онлайн курстарға, вебинарларға қатысты. Қазіргі таңда қашықтан оқытуға қатысты біраз қиындықтарды еңсеріп тастағандаймыз. Педагогтар үшін жаңа технологияларды, әдістерді, жаңа дағдыларды меңгеріп, жаңа қырларымен танылуға жол ашылды. Ең алдымен оқу процесін қашықтық оқыту форматында ұйымдастыру үшін мектеп мұғалімдердің негізгі сұраныстарына сәйкес келетін функционалдылық тұрғысынан ең қолайлы инфрақұрылымы мен білім мазмұны бар интернет-платформаны таңдайды.

Осы тұста басқа мектептермен қатар Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебі де биылғы оқу жылында «Оnlinemektep» білім беру платформасын таңдап, онлайн-сабақ өткізуге мүмкіндік алды. Аталған платформа педагогтар үшін оңай әрі қолжетімді болды. Бұл цифрлық жүйе оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, сондай-ақ онлайн-сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға, сонымен қатар, бағалау жұмыстарын өткізуге және алған білімдерін бағалауға мүмкіндік жасады. Сондай-ақ, сабақты синхронды және асинхронды форматтарда өткізу жағы да қарастырылған.

Сабақтың синхронды форматында оқыту мұғалімнің қазіргі заманғы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, нақты уақыт режиміндегі білім алушылармен тікелей байланыс орната алады. Педагогтер оқушылармен тікелей байланысқа шығу үшін сабақтың белгілі бір бөлігін (30- 80%) арнайды, сабақтың қалған бөлігін асинхронды форматта өткізе алады. Сабақтың асинхронды форматы – электронды платформалардың мүмкіндіктері арқылы мұғалімнің білім алушылармен өзара әрекеттесуі, мұндай формат өз бетінше оқуға арналған контент және оған мұғалімнің кері байланысын көздейтін оқу тапсырмаларынан тұрады.

Жоғарыда келтірілген платформа арқылы күнделікті сабақ кестесі бойынша білім алушыларға оқу тапсырмалары дер кезінде беріліп, белгіленген уақытында қабылданып отырады. Оқыту барысындағы өзгерістер туралы барлық өзекті және қосымша ақпараттар оқу топтарының чаттарына жіберіліп тұрады, яғни бұл платформада оқушылар тобымен, жеке оқушымен байланыс орнату үшін арнайы чат та қарастырылған. Былайша айтқанда, тиімді платформаны таңдаудың арқасында оқушыларға қойылатын талаптар мен жауапкершілік төмендеген жоқ. Білім сапасын жоғалтпауға мүмкіндік бар.

Индира Токбергенована НУРАЛИЕВА,
№26 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет
пәні мұғалімі, Жамбыл облысының Тараз қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий