Ұлағаттылық ұстаздан басталады

Небір данышпан, небір қарапайым еңбек адамы ұстаз алдынан өтетіні, мұғалімнің өнегесін бойына сіңіретіні шындық. Сондықтан, болашақ ұрпақты тәрбиелі, патриотты, жан-жақты етіп жетілдіру тікелей ұстазға байланысты. Елімізде оқушыны білімнің қайнар бұлағымен сусындатып жүрген білікті мұғалімдер жетерлік. Солардың бірі – Меруерт Теңізбаева.

 

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің ұстазы Меруерт Молдахметқызы Педагогика және арнайы пәндер оқытушысы, Республикалық «Үздік педагог-2018» байқауының жүлдегері, Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының  «Жалын» үздік педагогтар ассоциясының мүшесі. Тәжірибелі ұстаз өскелең ұрпаққа білім беруден жалыққан емес. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге бейімдеу, тәрбие мен мәдениет ұғымдарын қалыптастыруда.

Ол барлық әлемді дүр сілкіндірген короновирус инфекциясы жайлаған кезде де онлайн режимде білім берді. Заман талабына сай тәлімгерлерді оқытып, білімдерін шыңдаған. Өз сабағынан бөлек жиі ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарын өткізеді. Атап айтсақ, жуырда ғана «Zoom» қосымшасы арқылы «WorldSkills» ұлттық чемпионатының стандарттарына сәйкес кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру мүмкіндіктері атты «Жалын»  үздік педагогтар»  ассоциациясы мүшелерінің кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру: ізденіс, тәжірибе, нәтиже» атты тақырыбында ұйымдастырылған шебер-класста өзінің іс- тәжірибесімен бөлісті.

Өткізілген шебер – класс кәсіби шеберлік чемпионатына дайындалу үшін  әрбір тыңдаушыға тың ақпарат ұсынды. Мектепке дейінгі тәрбие құзыреттілігі бойынша кәсіби чемпионатқа дайындалушы білімгерлердің «Step by step» бағдарламасы аясында конкурстық тапсырманы орындаудағы дайындық жұмыстары көрсетілді.  Білімгерлер мектеп жасына дейінгі балалармен оқу қызметін 5 даму орталығында (Көркем әдебиет, ғылыми, тәжірибе, есеп, аспаз орталықтары) ұйымдастырып, өткізген. Даму орталықтарында модульдер бойынша бойынша орындалған тапсырмалар өте тиімді болды.

Меруерт Молдахметқызының «WorldSkills» ұлттық чемпионатының стандарттарына сәйкес кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру мүмкіндіктері атты шебер – класы кәсіби шеберлік чемпионатқа дайындалудың жолдары мен ерекшеліктерін де анықтап берді. «Сиса көйлек үстіңе, тоқуменен табылған, өнер-білім бәрі де оқуменен табылған», – деп ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин айтқандай, қандай тұлға болмасын ең алғашқы өмірлік көзқарасын ұстаздардың берген білімімен қалыптастыратыны сөзсіз. Сондықтан, жауапкершілікті, еңбекқорлықты басты мақсат тұтатын ұстазымызға алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.

Асель Ергалиевна НУРГАЛИЕВА,
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу
университетінің zhansugurov college
әдіскері, Алматы облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий