“Жас ғалым”: Халықаралық байқауының алтын медалын иеленген зерек оқушылар

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Ануар Дүйсенбеков пен Фархат Нұрланов Кореяда өткен VII халықаралық «Жас ғалым» ғылыми байқауында бірінші орынға ие болды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

 

Халықаралық «Жас ғалым» ғылыми байқауы 2015 жылдан бері өткізіліп келеді, осы уақыт аралығында оған еліміз бойынша төрт жүзден астам оқушы қатысты. Байқау ұйымдастырушылары – WOOSONG Университеті және SolBridge Халықаралық бизнес мектебі (Корея, Теджон қаласы). Байқау осымен екінші жыл қашықтан ұйымдастырылды. Қатысушылардың зерттеу жұмыстарын АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Ресей және басқа да елдер университеттерінің оқытушы-профессорлық құрамы бағалады.

Байқауға Әнуар мен Фархат «Соққы сипаттамаларын анықтауға арналған балауыз және графит негізіндегі композиттік сенсор көмегімен баскетбол добын сынау» ғылыми жобасын ұсынды. Жоба ағылшын тілінде қорғалды. – Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) стандарттарына сүйене отырып, баскетбол добының сапасы еркін түскен доптың секіріс биіктігі мен еденге соғылған кездегі допқа әсер ететін күш тұрғысынан талқыланды. Графиттің 15 %-дық шекті концентрациясы бар графит-балауыз композиті аз күшке де сезімтал сенсор екендігі дәлелденді, – дейді зияткерлер.

 

Қарағандылық оқушылардың зерттеу жұмысы қазылар алқасының жоғары бағаласына ие болып, І орынға лайық деп табылды. Ғылыми жетекшілері – физика мұғалімдері Саягүл Нұржігітова мен Стоян Рендевски. Сонымен қатар жас ғалымдарға Woosong университетінде оқуға жетпіс бес пайыздық грант берілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий