Қарағандылық зияткерлер дешифрлеуден сайысқа түсті

Қарағанды қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде Жеңіс күні қарсаңында өткен «Энигма» зияткерлік ойынының жеңімпазы анықталды. Математика пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі ұйымдастырған ойында оқушылар түрлі есептерді орындап, Нұркен Әбдіровтың өмір жолы туралы қызықты деректермен танысты, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

– Оқушыларға шифрланған құжат жіберілді. Оқушылар сыни ойлау, ақпараттық технологияларды пайдалану дағдылары мен Нүркен Әбдіровтың өмірбаяны жайлы білімін қолдана отырып, шифрланған деректерді шешуі тиіс болды, – деп бөлісті ұйымдастырушылар. Ойын бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар Нұркен Әбдіров ескерткішінің орналасу координаттарын анықтау мақсатында берілген теңдеуді шешті. Келесі кезеңде қатысушылар Socrative платформасында Кеңес Одағының ұшқыш батырының өмірбаяны бойынша сұрақтарға жауап берді.

Тағы бір қызықты кезең Морзе әліппесі арқылы берілген құжатты ашу болды. Ойын шарты бойынша зияткерлер құжатты жүктеп, оның құпиясөзін табуы тиіс еді. Ойынның барлық кезеңін сәтті өткен 11-сынып оқушысы Нұрсат Қонысбай ойын жеңімпазы атанды. Ол осы ойынға қатысуға жақында көрген белгілі математик туралы фильм ынталанырғанын атап өтті.

– Мен жақында математик Алан Тьюринг туралы фильмді көрдім, одан «Энигма» машинасы туралы көптеген қызықты мәлімет білдім. Сондықтан осы ойынға қатысуға бел байладым. Барлық кезеңнен өтуге екі жарым сағат жұмсадым, – дейді Нұрсат. Үздік атанған Нұрсатқа математика пәнінің мұғалімдері Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабын сыйға тартты. 

Айта кетері, «Энигма» — құпия хабарламаларды шифрлау және оқуға арналған портативті шифрлау машинасы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Англияда «Энигма» арқылы шифрланған хабарламаларды оқи алатын және антифашистік коалиция өкілдеріне айтарлықтай көмек көрсеткен «Turing Bombe» машинасы жасалған болатын.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий