Тағылымы толысқан тәжірибемен

Турдиев Кахарман осыдан тура алпыс үш жыл бұрын Алматы облысының Қорам батыр ауылында өмірге келген. Ол мектеп қабырғасында жүргенде-ақ физика пәніне қызығушылығымен, ерекше қабілетімен танылды. 1977-1979 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болып, 1979 жылы Алматы энергетикалық институтының дайындық курсына түсті. 1980 жылы  студент атанып, 1985 жылы оқуын ойдағыдай аяқтады.

Дипломды жас маман алғашқы еңбек баспалдағын «Есік электр сетьі» мекемесінен бастап, өмір белестерінде туған ауылындағы қой шаруашылығында электромонтер, гараж меңгерушісі, техника қауіпсіздігі инженері, жолда жүру ережесі инженері қызметтерін адал атқарып, жауапкершілікпен абырой биігінен көрінді. 2013 жылдан бастап Шелек политехникалық колледжіне арнайы пән оқытушысы болып қабылданды. Ұжымда сыйлы әріптесіміз білімгерлері арасында беделді маман, үйреген ісінің нағыз шебері. Электротехника пәнінен жас талапкерлердің таңдаған мамандықтарын терең меңгеруіне ерекше көңіл бөледі.

Әр сабағын мазмұнды да қызықты ұйымдастыру жолында үздіксіз ізденіс жасайтындығына куәміз. Жас ұрпаққа кәсіби білім беру саласында өз үлесін қосып,ерен еңбегімен түрлі марапттарға ие болды. Кахарман Ахметович аяулы әке ретінде асыл жары Сахирям екеуі Роман және Роллан атты ұлағатты ұлдарын өсірді. Қос перзент бүгінде жоғары білімді мамандар, үлгілі отбасы. Ақжарқын әріптесіміз Рамир, Севара, Амир, Сабина атты немерелерінің сүйікті атасы.

“Алпыс-талтүс” деп жатамыз кәдімгі,
Жылжып жылдар өзгерпесе де бәріңді.
Үш жыл қоссақ Пайғамбар жасы шықпай ма?
Мойындатар шын ақиқат бәріңді, – дегендей әріптесіміз  адам өмірінің айтулы бір белесі пайғамбар жасы жасы алпыс үшке толып отыр. Құрметті Кахарман Ахметович Сізді мерейлі мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз!  Осы айтулы күнде мықты денсаулық пен баянды бақыт және игі жақсылықтар тілейміз! Шаңырағыңызға шаттық пен берекелі бірлік мәңгі ұя салсын! 

Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,
Бірақ қимыл әлі жастай шымыр-ақ.
Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі,
Күндеріңіз мұң салмасын қырындап.
Талай күндер төккен термен өткен күн,
Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.
Талай жылдар тағылымы толысып,
Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн!

Игі тілекпен  ұжым атынан әріптестері
Райхан Смағұлқызы КУЛБАЕВА,
Бибинур Алтанқызы БАЙТОРИЕВА,
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий