Онлайн – жүздесу: Әлихан Бөкейханов – ұлт мақтанышы

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Алашорда үкіметінің алғашқы төрағасы,қазақ ұлты үшін орны бөлек ұлы тұлға, Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай  қашықтан оқу жағдайында біздің білім ордасында бірқатар іс- шаралар ұйымдастырылды. Ә. Бөкейхановтың қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі туралы жан – жақты түсінік бере отырып ғалымның зерттеулерін тыңдау  мақсатында «Әлихан Бөкейхан-ұлт мақтанышы» тақырыбымен Қыздар Ұлттық  университетінің ұлағатты ұстазы, филология ғылымдарының докторы, профессор, жоғары оқу орнының үздік оқытушысы, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері Руда Зайкенқызының онлайн жүздесуіне мектеп оқушылары белсене қатысты.

Руда Зайкенқызының жоғарғы сынып оқушылары мен мұғалімдеріне арналған «ХХ ғасыр басындағы әдебиет және Алаш ұстанымы» атты еңбегі бар. Ол онлаин басқосу барысында Алаш қайраткерлері  Алаш автономиясын құрып қана қоймай, қоғамдық, мемлекеттік істермен қатар қазақ мәдениеті мен ұлттық әдебиеттің де көшбастаушылары болғаны және осы  зиялы азаматтардың елдің саяси санасын көтеруге қызмет еткені жайлы зерделеп, жүйелі түрде әңгімелеп берді. Ұлт мақтанышы, Алаш ардақтысы  Әлихан Бөкейхан мемлекет қайраткері және «Қазақ қоғамының реформаторы» әрі тұңғыш абайтанушы екендігі жайлы жұртқа таныс емес мәліметтермен таныстырды.

1905 жылы «Семипалатинский листок» газетінде Абай туралы құнды деректер жариялағанын, тұңғыш рет саралап, бір жүйеге негіздеген Әлихан Бөкейхан екені жайында өзінің ғылыми зерттеулерін әңгімеледі. Мектеп оқушылары да Әлихан Бөкейханның өз мамандығын түрмедегі анкетасында  «журналистпін» деп неліктен жазғаны және «хан әулетінен» шыға тұра халық үшін қызмет қылғаны, саяси көзқарастарының  қалыптасуына әсер еткен жағдайлары жайлы өз сұрақтарын қойып құнды мәліметтер алды. Мектебіміздің  директоры  Л.А.Қасымбекова профессор Руда Зайкенқызына осындай жаңа, тың деректермен оқушыларды таныстырып, тәрбиелік мәні зор әңгімелері үшін алғысын білдірді.

Мейрамкүл Секерқызы УМИРЗАКОВА.
И.Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатының
тарих пәні мұғалімі, педагог – зерттеуші,
Алматы облысының       
        

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий