Ұлттық мектеп лигасы: Оқушылар тоғызқұмалақ ұлттық ойынында бақ сынады

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында «тоғызқұмалақ» бойынша жарыс «Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасының негізінде ұйымдастырылды. Бурабай ауданының «Ботагөз» спорт базасында бұл додаға қатысу үшін біздің аймақтан жүз елуден астам оқушы жиналды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жарысқа еліміздің 13 өңірінен 3 жас топтары (5-6, 7-8, 9-11 сыныптар) бойынша 13 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді. 5-6 сыныптар бойынша: 1 орын – Павлодар облысы; 2 орын – Түркістан облысы; 3 орын – Қарағанды облысы; 4 орын – Ақмола облысы. 7-8 сыныптар бойынша 1 орын – Ақтөбе облысы; 2 орын – Түркістан облысы; 3 орын – Жамбыл облысы; 6 орын – Ақмола облысы. 9-11 сыныптар бойынша 1 орын – Ақтөбе облысы; 2 орын-Алматы қаласы; 3 орын – Маңғыстау облысы.

Ақмола облысынан келген балалар турнир кестесінің 4-ші (5-6 сыныптар) және 6-шы (7-8 сыныптар) орнына жайғасты. 5-6 сыныптар арасында жеке есепте Абиева Ханшайым Щучинск қаласының №7 МЛ – мен 3 орын алды (жаттықтырушы Абылкасов Жұматай Базарұлы – дене шынықтыру мұғалімі). Ұлттық мектеп лигасының бағдарламасында ұлттық спорт түрлерінен (асық ату, бес асық) ойындардың келесі кезеңі биылғы мамыр айының 17-21 күндері аралығында облыс орталығы Көкшетау қаласында жоспарланып отыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий