“SILKWAY мен саяхат” бағдарламасы: Қырғызстан республикасына сапардың нәтижесі

Университет басшылығының қолдауымен жүзеге асып жатқан бұл бағдарлама ел аумағындағы қалалардан бөлек алыс-жақын шет елдерде де түсірілім жұмыстарын жалғастыруда. Silkway халықаралық университеті әлемнің жетекші университеттерімен серіктес. Түсірілім тобы көршілес Қырғызстан Республикасына жасаған саяхат барысында университетімізбен серіктес бірқатар жоғары оқу орындарында қонақта болды.

Атап айтар болсақ, Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университеті, Қасым Тыныстанов атындағы Ыстықкөл мемлекеттік университеті және Қырғызстан халықаралық университеттерінде болып, университет ғимараттарымен танысып, Әкімшілік бөлім қызметкерлері және студент жастарымен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқу орын басшылығына Silkway халықаралық университетінің брэндтік заттары сыйға тартылды.
Мұндағы басты мақсат тек саяхаттау ғана емес, аталмыш елдің жастарын өз оқу орнымызға шақыру, академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамыту. Сонымен қоса, маусым айының басында оқу орнымыз ұйымдастырғалы жатқан халықаралық іс-шараға аталған университет студенттері белсене қатысатындығын жеткізді.

Бекзат Октябрьұлы ТӨЛЕБАЙ,
Silkway халықаралық университетінің тәрбие
ісі және жастар саясаты департаментінің директоры