Аймақтық ғылыми және практикалық конференция: Әлихан Бөкейхан және тәуелсіздік мұраты

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша білім беруді дамыту орталығының жоспарына сәйкес көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғұлама ғалым әрі шебер аудармашы – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан өмірі мен қоғамдағы рөлін, қызметін жан-жақты терең зерттеу, таныту, келешек жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «Әлихан Бөкейхан және тәуелсіздік мұраты» аймақтық ғылыми әрі практикалық конференция ұйымдастырылған.

Бұл маңызды басқосуға барлығы 83 педагог қатысты. Ғылыми-практикалық конференция жұмысына Ақтөбе қаласының тарих ғылымдарының магистрі, №35 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімі Н.А.Жулумбетова Алаш-Орда қалыптасуындағы Әлихан Бөкейханның рөлі туралы ой қозғады. Конференция барысында қатысушылар іздену, зерттеу жұмыстарымен бөлісіп, практикалық тұрғыдағы нәтижелерін ортаға салды. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий