“Адалдық кілті”: Облыстық сурет байқауы

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының бұйрығына сәйкес қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттау мақсатында 1-4 сынып оқушылары арасында «Адалдық кілті» атты қашықтан облыстық сурет байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы жергілікті салалық құрылымның баспасөз қызметі. 

Байқауға тоғыз аудан мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектебі және Орал қаласының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары, барлығы 193 оқушы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша нәтиже төмендегідей: Бас жүлде – Жақсығали Сабина, Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған жалпы орта білім беретін мектебі; бірінші орын – Нәдірғали Әліби, Қаратөбе ауданы Қаракөл «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені; екінші орындар – Вейднер Артём, Бәйтерек ауданыМичурин мектеп бөбекжай-балабақша кешені; Бақтығали Дильназ, Бәйтерек ауданы Новенький жалпы орта білім беретін мектебі; үш үшінші орын Мәлік Алмагүл, Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №1 жалпы орта білім беретін мектебі; Ханыбекқызы Әдемі, Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты; Өтегенқызы Әсемгүл ,Тасқала ауданы Атамекен мектеп бөбекжай-балабақша кешені; Рамазанов Алишер, Теректі ауданы Восход жалпы орта білім беретін мектебі. 

Алғыс хат: Качаева Софья, Бөрлі ауданы №3 жалпы орта білім беретін мектебі;Московкин Роман, Бәйтерек ауданы Мичурин мектеп бөбекжай-балабақша кешені; Мерген Тоғжан, Бөкей ордасы ауданы М.С.Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі; Ғайнолла Ақгүлім, Казталов ауданы К.Мендалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі; Гайдарова Аделя, Тасқала ауданы Қ.Сәтбаев орта мектебі. Байқау жеңімпаздары облыстық білім басқармасының бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Барша жеңімпаздарды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтай отырып, бастамаларына жетістіктер тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий