Ерлердің есімі – еліміздің есінде

Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы Ұлы Отан Соғысының тыл еңбеккерлеріне көмек көрсету акциясын ұйымдастырды. Бұл акцияның миссиясы – бейбіт заман үшін өз денсаулығы мен өмірін сарп еткен тұлғаларды есте сақтау, қадірлеуге бағытталған болатын, – деп хабарлайды елордалық қосымша білім беру орталығының баспасөз қызметі.

Жеңіс күні – бұл жай ғана мереке емес, біздің еліміздің сонымен қатар, бүкіл әлемнің барлық ұрпақтарын біріктіретін күн. Акцияға қатысушылар үшін ең маңыздысы – Ұлы Отан соғысы жылдарынан аман өткен адамдармен қарым-қатынас жасаудың құндылығы, олармен қауышып, қамқорлық пен махаббатын білдіріп, назарға бөлеу мүмкіндігіне ие болу.

Тағылымды тарихы бар бұл оқушылар сарайындағы әкелер кеңесінің мүшелері ізгі тілектері мен зор алғыстарын білдіре отыра, тыл еңбеккерлеріне азық-түлік себеттерін сыйлады. “Алғыс” акциясының қатысушылары “Біз үшін бұл керемет миссия болды. Ардагерлердің ерлігін есте сақтау – біздің міндетіміз” деген ойларын білдірді. Біз біргеміз. Ер есімі – ел есінде.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий