“Шарайна”: Мектептегі дебат клубының жүйелі жұмысы

Біздің білім ордасындағы мектепiшiлiк “Шарайна” дебат клубы 2019-2020 оқу жылынан бастап, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оспанова Ақбота Ахметжанованың жетекшілiгiмен белсенді жұмыс атқаруда. Нәтиже де өте жоғары, Түркicтан қаласында ұйымдастырылған республикалық турнирге қатысқан 10 сынып оқушысы Жақсылық Зәуре жаңа “Американдық парламенттік форматындағы” дебат үлгісін шебер меңгерiп отыр.

2020-2021 оқу жылы аудандық турнирде 11 сынып оқушылары Шардарбек Бекзат пен Жайсанбай Жәнiбек жаңа форматтың ерекшеліктерімен аудан дебат клубының мүшелерін таныстырды. Мектеп- гимназия мұғалімдері дебат клубының жұмысына ерекше қызығушылық танытуда. Тарих пәнінің мұғалімдер Шойбеков Сейітжан мен Ракимжанов Ерболаттың жетекшiлiгiмен жуырда “Шарайна” дебат клубының “Жігер” дебат филиалы тұсаукесерін ұйымдастырды.

Қатысушылар екіге бөлініп, “Екінші дүние жүзілік соғыстағы Кеңес Одағының рөлі” тақырыбында пікірсайыс жүргізді. Екi “Жалын” тобы: Уркумбай Мақсат; Сакаева Салтанат; Темірбаев Ілияс пен “Томирис” тобының құрамындағы Жұмагелді Қарақат пен Жорабекова Назира және Әділхан Сара сайыскерлерi, 9 сынып оқушылары өз дайындықтары, өздерін ұстаулары, сөйлеу мәдениетi мен сөз алу тәртiбi бойынша дебатқа деген ынталарын танытты. Оқушылардың белсенді жұмыстары мен дайындық нәтижелері сүйсіндірдi.

Болашақтарына үлкен сенiммен қарап, сәттілік тілей отырып, жаңа формат бойынша қосымша бағдар берiлдi. Ұстаздарымыз С.Шойбеков пен Е.Ракимжановтың оқушыны шығармашылық белсенділiкке тартудағы көшбасшылық әрекеттеріне ризашылығымыз шексіз! Бiрлескен жұмыстың нақты натижелерi молынан болсын! Жұлдызды сәттер көп болсын! Келесi “Ұшқыр ой” алаңына жаратылыстану пәнi мұғалімдерi мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері бiрлесiп дайындап жүрген дебат сайыскерлернi шығару жоспарлануда. “Шарайна” дебат клубындағы барлық белсенді шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!

Гүлмира Құрманбайқызы НҮСІПОВА,
Назира Алмаханқызы ЖАҚЫПБЕКОВА,
№ 152 мектеп – гимназиясы директорының
оқу ісі бойынша орынбасарлары, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий