Бақыт Өтеулиева: Таңдауды әр бала өзі жасауы керек

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 Е-сынып оқушысы Бақыт Өтеулиева АҚШ-тағы Корнелл университетіне 100% жеңілдігімен грант жеңіп алды. Корнелл Нью-Йорк штатында орналасқан. Бұл АҚШ-тағы ең ірі және танымал университеттердің бірі. Бұл беделді Айви Лигасындағы сегіз жеке университеттің бірі. Корнелл әлемге «таланттар ошағы» ретінде танымал, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Бақыт қажымас қайратпен өз арманына ұмытылуда. Ол түрлі олимпиадаларға қатысып, бірінші орындарды иеленіп жүр. Үлкен қолдауды оған отбасы көрсетіп отыр. – Менің идеяларым қаншалықты ақылға қонымсыз болып көрінгенімен, ата-анам мені тек қолдап отырды. Мысалы, 7-сыныпта мен қазақ сыныбынан орыс сыныбына ауысу туралы шешім қабылдадым. Бұл шешіміме әке-шешем аса қуанбағанымен, өз келісімдерін берді. Олар маған ешқашан нашар баға үшін ұрысқан емес. Мен әрдайым үздік оқушы болдым деп айта алмаймын. Тіпті «Алтын белгіге» үміткер емес екенімді айтқан кезде де отбасымның көңілі түскен жоқ. Маған бәрібір сенуін тоқтатқан жоқ.  Америкадағы талапкерлердің 5% -ы ғана қабылданатын университетке түсем деген ой қиял болып көрінгенімен, ата-анам таңдауымды қолдап, құжаттарды жинауға көмектесті, – дейді Бақыт. 

Талапкер мектепте алғыр оқушылардың қатарында. Әртүрлі шараларға қатысып, белсенділік танытады. Назарбаев Зияткерлік мектебі балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді, ол үшін көптеген үйірмелер бар. 9-сыныпта Бақыт ерікті болуға құлшыныс білдіріп, кейінірек оған көп уақытын арнады. «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық ұйымының жетекшісі, «ерекше» балалармен жұмыс жасайтын Ерлан Күмісқалиев еріктіміздің өміріне үлкен әсер етті.

Бақыт байқаулар, үйірмелер мен мектеп қауымдастығын ерекше жылулықпен еске алады: «Мен НЗМ-ді бәрінен бұрын «коммьюнити» үшін жақсы көремін. Мұнда өжет, еңбекқор және қабілетті балалар өте көп. НЗМ коммьюнитиде тек біздің мектептің оқушылары ғана емес, сонымен қатар, студенттер, басқа қалалардың түлектері де бар.  Олармен тәжірибе алмасып, көп нәрсені білесіз. Бұл шабыттандырады және бәрі ойдағыдай болатынына сенімділік береді. Бақыттың шынымен бағы жанды! Ол әлемдегі ең үздік университеттердің біріне түсті.

«Мен үшін тек қаржылық мәселесі, бағдарламалар мен мамандықтар ғана емес, сонымен қатар, студенттер қалашығындағы атмосфера немесе қазіргі тілмен «вайб» та маңызды болды. Мені қызықтыратын университет туралы пікірлерді білу үшін сол жерде оқитын студенттерді іздедім. Ақырында АҚШ-тың  12 жоғары оқу орындарын өзіме іріктеп алдым. Осындағы университеттерге түсу үшін оқу жетістіктері, сыныптан тыс қызметің ғана емес, сонымен қатар, сіз қандай адам екеніңізді білу маңызды болып саналады. Сондықтан университеттер сіздің құндылықтарыңыз бен мақсаттарыңызды, дүниетанымыңыз бен мінезіңізді түсіну үшін әртүрлі эсселер жазғызады.

Ал ата-ананың міндеті, менің ойымша, бала үшін таңдау жасау емес, перзентіне қолдау мен бағыт көрсету. Мен «Мектепті «Алтын белгімен» бітір, ҰБТ-да көп балл жина, міндетті түрде жоғары оқу орнына түс» дейтін кейбір ата-аналарды түсінбеймін. Бала өзіне ұнайтын нәрсені таңдауда еркін болуы керек. Мүмкін, бала дәстүрлі университеттік білім ала алмайтын шығар және оған өзі үйренген, сынақ пен қателіктер арқылы оқу оңайырақ шығар.

Мүмкін ол әлі өз мамандығын таңдай алмай, мектептен кейін болашақта кім болғысы келетінін түсіну үшін жұмысқа орналасқысы келетін шығар. Әркімнің өз жолы бар. Ата-ана тек кеңес бере алады, белгілі бір шешімдердің салдары туралы ескертуі мүмкін, бірақ баласы үшін таңдау жасай алмайды. Ал бала саналы түрде шешім қабылдап білуі керек. Осы жерде ата-аналардың сабырлық танытуы әбден орынды, – дейді Бақыт Өтеулиева.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий