Silkway халықаралық университеті: Риддермен біргеміз!

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы өрт салдарынан болған шығын Шымкент тұрғындарын да алаңдатпай қоймады. Осындай тар жол тайғақ кешуде қиналғанға қашанда қолдау білдіру қазақстандықтардың сүйегіне сіңген, рухымен біте қайнасқан салты. Осы орайда Silkway Халықаралық университетінің президенті Ифтихар Бахтиярұлының қолдауымен өрт салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесу мақсатында біршама азық-түлік, гигиеналық заттар мен тұрмыстық заттар Шымкент қаласында  арнайы ашылған штабқа жеткізілді.

Риддер қаласындағы өрт салдарынан болған шығын мемлекетіміздің әрбір тұрғынын елеңдетпей қоймады. Тар жол тайғақ кешуде қиындыққа біріге қарсы тұруы- Қазақстандықтардың мызғымас бірлігінің айқын көрінісі. Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға зор денсаулық пен тезірек сауығуларына, қиындықты береке-бірлікпен еңсеруге тілектеспін. «Silkway халықаралық университетінің ұжымы Риддермен бірге!» – деп  Silkway Халықаралық университетінің президенті Ифтихар Бахтиярұлы қашан да қолдауға дайын екенін жеткізді.

Рахат Ердәулетұлы АРҒЫНБАЙ,
Silkway халықаралық университетіндегі
кәсіподақ ұйымының төрағасы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий