Тұлғаның рухани – адамгершілік дамуының дүниетанымдық ұғымы туралы

«Бөбек» ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры Елена Сәкенова «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы идеяларының контекстінде тұлғаның рухани-адамгершілік дамуының дүниетанымдық аспектілері» тақырыбындағы аймақтық семинарда алғы сөз сөйледі, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі.

Елена Сәкенова Сара Алпысқызының бастамасымен қолға алынған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы уақыт талабына сай екенін атап өтті. «Оның негізінде мәңгілік ақиқат жатыр: өзін жақсы, мейірімді, таза ету, әлемге және басқа адамдарға махаббат көзімен қарау, олардың игілігіне жәрдемдесу, туған жерін шын жүректен және жан-тәнімен сүю, оның өркендеуіне қызмет ету. Бұл адамды Адам, Азамат, Тұлға етеді», – деді ол.

Сондай-ақ, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты президентінің міндетін атқарушы И. Калачева; философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары, философия ғылымдарының докторы, профессор С. Нұрмұратов; АҮДҰИ-ның жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А. Рысбаева; АҮДҰИ-ның жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Р. Муратханова; М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің педагогика факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Г. Ерғалиева; АҮДҰИ-ның жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Ж. Кулекенова; АҮДҰИ-ның жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты К. Налибаев және басқалар сөз сөйледі. Қойылған сұрақтарға толық жауаптар мен ұсыныстар берілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий