Логопед маманның кеңесі: Баланың тілін дамытудағы ата-ананың орны

Бала ана жатырында пайда болғаннан бастап және дүние  есігін   ашқан кезде де  даму  үстінде  болады. Сондықтан ата-ана  бала  дүниеге келгеннен бастап оның  ұсақ  моторикасын  және  сойлеу тілін дамыту барысындағы процестерге аса  көңіл  бөлген  жөн. Айта  кететін  болсақ, Бір жастағы баланың  ұсақ  моторикасы  төмендегідей даму  керек. 3-4 дөңгелектен тұратын  пирамиданы  кигізіп үйрету; 3-4 кубиктен тұратын пирамидадан мұнара  тұрғызу; алыс  жатырған  ойыншықтарды   ұмтылып  алу; қою тамақты қасықпен жоғары  котеріп  ауызына  апарып  ішуге  дағдыландыру; банкінің немесе баклажканың қақпағын  ашу және тағу; матрешкаларды ашып, жинау. 

Ал, сөйлеуді  түсінуі  мен  сөздік  қоры төмендегідей белгілерді  қамту  керек. Өзінің дене  мүшелерін  көрсете  білуге үйрету. Екі қолымен  алақанын  шапалақтау. Суретке көз тақтатып  қарау. Нұсқаулық бойынша  іс-әрекетті жасауға үйрету. (Көзінді  жұм, қолынды  бер). Кем дегенде жиырма сөзден білу  керек. «Бер», «ал» деген сөздерді  түсіне  білу  керек. Екі жастағы баланың  ұсақ  моторикасы  төмендегідей  даму  керек: моншақтарды тізбектеу; 3-4 пішіннен бір затты  құрастыру; екі қолымнен  5-6  кубиктен  мұнара  тұрғызу; оң және сол  қолымен ұсақ  заттарды коробкага  салу; қарындашпен шимайлау; кітаптың бетін  парақтай  білу. 

Сөздік  қоры. 2-3 сөзден сөйлем  құрау  керек; гүл, жөп, ағашты айырып көрсете білу керек; дымқыл (сулы, ылғал), құрғақты ажырата білу керек; киімдерді, аяқ киімдерді, ойыншықтарды ажырата  білу  керек; сенің атын кім?-деген  сұраққа  жауап  беру керек; айналасындағы таныс  адамдардың есімін білу  керек. Үш жастағы баланың  ұсақ  моторикасы төмендегідей  даму керек: қосу мен дөңгелекті көшіріп салу; адамның денесін сала білу; ермексаздан дөңгелектер салу; бас бармағын басқа саусақтармен қосу; қоян, ешкі, сақина жасай білу; крушкамен су немесе  шай іше  білу; өзінің ілгектерін  тағу.

Сөздік қоры. Айналасындағы заттардың аттарын білу. Жеміс-жидектердің және көкөністердің  аттарын атау. Өзі пайдаланып жүрген  ыдыс-аяқтың аттарын атау. Киім-кешектердің аттарын және бөлшектерін атай  білу. Жабайы және үй жануарларын ажырата  білу. Заттарды бір  сөзбен  атау. Түстерді ажырата  білу (қызыл, сары, жасыл, ақ). Үлкен және  кішкентай  көлемді  заттарды  білу. Төрт жастағы баланың  ұсақ  моторикасы  төмендегідей  даму керек. Үш саусақпен  қарындаш  ұстау. Сеген тақтасын  құрастыру. Телефон нүктелерін басу. Дөңгелек, төрт бұрыштарды бастыру. Қайшымен  жұмыстану. Қағазды тігінен, көлдененнен бүктеу.

Сөздік қоры. 5 ке дин санау білу  керек. Бұл не, кім? Не істеп жатыр? сұрағына жауап беру қажет. Астында, үстінде, жанында сөздердің мағынасын түсіну. Дыбыстарды анық  айту. Сериялық ертегілерді  айта  білу. Бес жастағы баланың  ұсақ моторикасы төмендегідей даму  керек. Үй және баспалдақ жасау. Үш бұрышты салу. Таспа әріптерді жаза білу. Батинканың бауын өткізіп, байлау. Қарындашты ұштау. Суреттерді қиып жапсыру. Сөздік қоры. Мазмұнды суреттер бойынша әңгімелеу. 5-6 сөзден тұратын  сөйлем  құрау. 2000 сөз білу керек. Дыбыстардың барлығын анық айту керек. Мамандықтар туралы айта білу. Қойылған сұрақтарға  толық  жауап  беру  керек.

Қорыта айтқанда, мектепке дейінгі жастағы балаларда сөйлеуді қалыптастыруда     жоғарыда  айтылған  кеңестердің  барлығын  ата-ана немесе топ тәрбиешілері мен  педагогтары  ескере  отырып  қараса  және  логопед  маманмен  бірлесе  отырып  жұмыс  жасаса нұр үстіне нұр болар  еді. Сондықтан, баланың дыбыс айту кемшілігі ерте жастан және нәтижелі түзетілсе, мектеп кезеңіндегі оқу және жазу қабілетін меңгеруінде қиындықтар  болмайды.      

Нұрсұлу Нұрлыбайқызы ЛАТЫПОВА,
№34 “Балбұлақ” бөбек жайының логопед
маманы, Батыс Қазақстан облысы, Орал  қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий