“IQanat олимпиадасы”: Ақмолалық оқушылар командасы күміс жүлдегер атанды

Ауыл мектептерінің 9 сынып оқушылары арасында IQanat олимпиадасының республикалық турына еліміздің 14 облысынан жеті жүзден астам оқушы қатысты. «IQanat» олимпиадасы-тек ауыл мектептерінің оқушыларына өткізілетін ең ауқымды олимпиада. «IQanat» жеңімпаздары диплом мен естелік алып қана қоймай, сондай-ақ беделді қазақстандық және халықаралық университеттерге түсу үшін теңдей қол жеткізеді, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Облысымыздың жүлделі орындар қоржынында тарихтан – Жолдангарова Аяулым (Целиноград ауданы) бірінші орын, химия бойынша – Булатов Әзім (Астрахан ауданы) екінші орын және үш үшінші орын – Ілияс Назым математика бойынша (Егіндікөл ауданы), – Ни Тимур физика бойынша (Целиноград ауданы), – Серіков Ернұр тарих бойынша (Ақкөл ауданы). Целиноград ауданы Қосшы ауылындағы № 1 орта мектебінің оқушысы Темербулатова Фариза олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Екінші орынды Шортанды ауданы, Шортанды елді мекеніндегі № 2 ОМ оқушысы Хлубный Роман жеңіп алды.

Олимпиадада ең жоғары балл жинаған 300 қатысушының арасында IQanat High School of Burabai оқуға түсуге қосымша іріктеу жүргізілді. Біздің аймақтың 16 оқушысы аталған мектепте оқуға грант иегерлері атанды. IQanat олимпиадасының үш республикалық турының қорытындысы бойынша облыстық команда еліміздің 14 облысы арасында жүлделі екінші орынға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз, қойылған мақсаттарға қол жеткізуде табыс тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий