Қазіргі онлайн және офлайн сабақтарда қолданылатын заманауи технологиялардың тиімділігі
Инновациялық білім беруге қажетті құралдар реті: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі заман талабына сай білім беру біздің жоғары оқу орнында жақсы қолға алынып отыр. Жан – жақты жеке тұлға тәрбиелеу – әрбір ұстаз атын иемденген жандардың міндеті болып саналады. Оқытудың жаңа технологиялары, ең алдымен, оқу үдерісін қалай басқаруға болады, соңғы мақсатты нәтижеге қалай жетуге болады, нені үйрету керек, қандай тиімді әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады деген мәселелерді қарастырады.

Осыған байланысты алдағы уақытта әр оқытушы авторлық силлабусын жасақтауды көздеп отыр. Сонда дағды мен білім, тәрбие беру инновациялық технологиялар арқылы оқыту кезінде іске аспақ. Мұндай технологияларды қолдануда – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Қазіргі таңда мұғалімдерге қойылатын басты талап – инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы және терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Оқытушы неғұрлым көп технологияны игерсе, оның таңдауы соғұрлым кәсіби және негізделген болады, ал студенттер әртүрлі рөлдер мен іс-әрекеттерді игереді деп нақты айта аламыз. Оқытушы өз қызметінде неғұрлым көп технологияны қолданса, ол үшін педагогикалық жұмыс соғұрлым қызықты болады, оқушылардың танымдық белсенділігі соғұрлым қызықты болады, оқу процесін жекелендіруге мүмкіндік көп болады. Әр түрлі педагогикалық топтармен жұмыс істеу тәжірибесі технологияны игерудің келесі кезеңдерін шартты түрде бөлуге мүмкіндік береді.
Мотивациялық қолдау, мұғалімдерді өз іс-әрекетінің стилін өзгертуге, үнемі іздеу қажеттілігін түсінуге итермелейтін жағдайлар жасау. Мұғалімдердің жеке бағдарланған технологияларды игеру кезінде басшылыққа алынуы керек негізгі идеяларды игеруі. Жалпы білім беру технологияларын игеру. Нақты жағдайларды, сабақ үзінділерін талдау барысында мұғалімдермен бірге мұғалім мен оқушының іс-қимыл алгоритмін анықтауға болады. Мұғалімдердің меңгеру үшін бір немесе бірнеше технологияны таңдауы. Қолданыстағы қызмет жүйесінде технологияның жеке әдістерін қолдану.
Мұғалімнің жұмыс жағдайын өзгертуді және жалпы оқу процесін құруды көздейтін технологияны қолдану тәжірибесін жетілдіру. Қолда бар технологияға өз тәсілдерін енгізу, технологияны жаңғырту. Әр түрлі технологиялардың әдістерін біріктіру. Жаңа технологияларды ұжымдық игеру білім беру мекемесінде іздеу және эксперимент атмосферасын, мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылығы мен кәсіби белсенділігін дамытуға қолайлы эвристикалық ортаны құруға ықпал етеді. Оқушыға бағытталған технологияларды қызмет субъектісі ретінде пайдалану мұғалімнің импровизация, ұтқырлық, икемділік, оқушыларымен бірге даму және өзгеру қабілетінің болуын қамтамасыз етеді.
Мен, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде қазіргі таңда осы мәселерді шешуге атсалысып жатқан профессор – оқытушы құрамына жетістік пен сабырлық тілеймін!
Куланда Мактаповна ШАЙХИЕВА,
Шахмардан Есенов атындағы Каспий
технологиялар және инжиниринг
университетінің аға оқытушысы, Ақтау қаласы