Қасым Аманжолов – 110: Қыран қанатты ақын

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында біздің білім ордасында «Жасық өлең емес, асыл өлең» жазуды мақсат еткен қайсар ақын Қасым Аманжоловтың 110 жасқа толуына орай «Дабылды жырдың дауылпазы» атты 5 «г» сыныбында әдеби кеш ұйымдастырылды.

Бұл басқосуға бастамашы болған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Динара Болатбекқызы. «Өртке тиген дауылдай» өршіл өлеңдерімен қазақ поэзиясына жаңа леп, ерекше серпін ала келген дауылпаз ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы толық мағұлматтар ұсынылды. Арнайы бейне жазбалар көрсетіліп, жалынды жырлары оқылды. «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын талдаған оқушылар 44 жыл ғұмыр кешіп, төрт томдық асыл мұра қалдырған ақиық ақынға қошамет көрсетті.
«Қасым поэмасы майданнан соққан жаңа леп сияқты», – деп қазақ әдебиетінің классик жазушыларының бірі Ғабит Мүсірепов айтқандай оқушылар сол рухты, сол ерекше күшті сезінді. Әдеби-сазды сабағымызда ақынның «Өзім туралы», «Туған жер», «Нар тәуекел», «Дариға сол қыз» өлеңдерін жатқа айтқан зерделі шәкірттер, қарын ақанатты арқалы ақын туралы көпшілік біле бермейтін тың деректермен бөлісті. Әдеби кешке мектеп кітапханашысы Салтанат Тоқболатқызы қатысып,а рнайы мәнді де, сәнді ақын шығармашылығына арналған көрмемен оқушыларды таныстырды.

Әдеби сабақ Қасым Аманжолов туралы жазылған Мұқағали Мақатаевтың «Қасым солай болмаса» өлеңімен қорытыланды. Оқушылардың әдеби сабақтан алған үлгі өнегесіне қоса тәрбиелік тағылымы жоғары. Алдағы уақытта осындай ізгі іс шараларды тұрақты түрде жиі ұйымдастыру жарасымды жалғасын табары даусыз.
Гаухар Сиражовна ГАББАСОВА,
№18 жалпы орта білім беру мектебі
директорының оқу ісі бойынша орынбасары,
Павлодар облысының Екібастұз қаласы