Мен университетіммен мақтанамын

Университетімізде қажетті жабдықтарды қамтамасыз ету, жоғары сапалы өнім өндіру үшін арнайы шараларды әзірлеу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экологиялық қауіпсіздік, машина өнімділігін тексеру үшін халық шаруашылығының барлық салаларында мамандар дайындайды. Соның ішінде, машина жасау ең өзекті және қажетті техникалық мамандықтардың бірі болып табылады.

Машина жасау мамандығы еліміз бойынша сұранысқа ие мұнай-газ саласына бағдарланған мұнай-газ машина жасау саласын дамытуды болжайтын білім беру бағдарламасы болып табылады. Маңғыстау өңірінің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуін қамтамасыз ететін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну, сондай-ақ мұнай-газ кешені мен әлемдік ғылыми кеңістікте бәсекеге қабілетті. Бұл бағытта оқытудың көпжылдық тәжірибесіне, университеттің корпоративтік мәдениетіне, адамгершілік, эстетикалық, кәсіби және ғылыми құндылықтарға негізделген машина жасау саласында жаңа формация мамандарын даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.

Мамандықтың негізгі мақсаты: машина жасау саласындағы машиналар мен жабдықтарды жобалау, жасау және пайдалану технологиясы бойынша білім, білік және тәжірибелік дағдыларды қамтитын мұнай-газ кәсіпорнына бағытталған жоғары сапалы білім беру. Машина жасау мамандығының негізгі міндеттері: Алдыңғы қатарлы ресурс үнемдеуші технологиялар негізінде студентті қазіргі заманғы мұнай-газ машина жасау өндірісі саласындағы өндірістік-технологиялық қызметке дайындау. Білім алушыларды машина жасау және дәнекерлеу өндірісінің бұйымдарын автоматты жобалау құралдарын, технологиялық процестерді және осы процесстерді технологиялық жабдықтау құралдарын пайдалана отырып жобалау-конструкторлық қызметке дайындау.

Машина жасау өндірісінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін білім алушыларды ұйымдастыру-басқару қызметіне дайындау. Білім алушыларды машина жасаудағы бұйымдар өндірісінің инновациялық технологияларын және оларды технологиялық жабдықтау құралдарын жасау саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне дайындау. Білім алушыларды өз бетінше оқытуға және жаңа кәсіби білім мен іскерлікті меңгеруге, үздіксіз кәсіби өзін-өзі жетілдіруге дайындау. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында студенттер конкурстарға, конференцияларға және басқа да ғылыми шараларға қатысады.

Төрт жыл бойы студенттер қазіргі заманғы білім беру технологияларын қолданудың арқасында теорияны заманауи тәжірибемен байланыстыруды үйренеді; жалпы техникалық пәндердің негізгі заңдарын меңгереді, сондай-ақ технологиялық машиналарды жобалау, құрылымдау, құру және пайдалану үшін қажетті профильді пәндерді оқу процесінде теориялық білім мен дағды алады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде шетелдік және отандық университеттермен жасалған шартқа сәйкес студенттер бір семестр бойы университеттерде оқу жүргізуге мүмкіндігі бар.

Университетте білім беру бағдарламасы бойынша кадрлар даярлау үшін дуальды оқыту элементтері ұйымдастырылған. Зауыттың көптеген жоғары білікті мамандары – конструкторлар, технологтар, бөлімше бастықтары өндірістік жағдайда профильді пәндер бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылады. Өндірістік тәжірибенің негізгі базалары: “Ақтау машина жасау зауыты” ЖШС, “Каскор-МашЗавод” ЖШС, “Ақтау мұнай сервис компаниясы” ЖШС, “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ, “Өзенмұнайгаз” АҚ және тағы да басқа әлеуеті зор отандық кәсіпорындар болып табылады.

Машина жасау мамандығын бітірген болашақ түлектеріміз машина жасау және мұнай – газ саласындағы мемлекеттік кәсіпорындар жүйесінің холдингтерінде, кәсіпорындарында, акционерлік қоғамдар мен жеке фирмаларда, республиканың басқа да ұлттық компанияларында, сондай-ақ ғылыми-өндірістік бірлестіктерде, ғылыми, конструкторлық және жобалау ұйымдарында жұмыс істей алады.

Амина Захаровна БУКАЕВА,
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялық
және инжиниринг университетіндегі
машина жасау кафедрасының аға оқытушысы,
Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий