Әуезов университеті: “Ashyq” мобильді қосымшасы іске қосылды


Оңтүстік өңірдегі жоғары оқу орындары арасында алғашқы болып М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін «Ashyq» мобильді қосымшасы іске қосылды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне келушілер QR-код арқылы өздерінің қай статусқа жататынын, яғни қызыл, сары, көк және жасыл түстердің қайсысында екенін біле алады. COVID-19-ға ПТР-тест тапсырып, нәтижесі оң болған азаматтар («қызыл статус»), сондай-ақ вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар («сары статус») оқу орнының ғимараттарына кіре алмайды.


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті студенттері, профессор-оқытушылар құрамы және қызметкерлері өз денсаулығы үшін жауапкершілікті сезінгендіктен «Ashyq» жобасын толық қолдайды.

