Павлодар облысы: “Болашақ – өз қолыңда” жобалар байқауы қорытыланды

Павлодар облысы білім беру басқармасының бастамасымен оқушыларды ғылым мен техниканың әртүрлі саласындағы зерттеу, өнертапқыштық қызметіне тарту, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды тәрбиелеу, талантты балалардың шығармашылығына жағдай жасау мақсатында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жалпы және мамандандырылған білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары арасында «Болашақ – өз қолыңда» облыстық жобалар байқауын ұйымдастырды, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі. 

Байқауға құрылыс, жылу/электр және баламалы энергетика, экология саласындағы: қоршаған орта проблемаларын зерттеу (су мен ауа сапасы, топырақ жағдайы, энергия тұтыну, өсімдік және жануарлар әлемі, қалдықтар, денсаулық, тамақтану), сондай-ақ «Тастама материалдарды қайта пайдалану» (пластик, шыны бөтелкелерді, қаңылтыр құтыны, бірреттік ыдысты, полиэтилен пакеттерін және тағы да басқа) тақырыбында 48 жеке және командалық жоба ұсынылды.

Экология саласындағы жобаларға ерекше назар аударылды, атап айтқанда «Тастама материалдарды қайта пайдалану» тақырыбына. Бұл бағытта білікті қазылар алқасы Ахметжан Аида мен Жакупова Ризагуль әзірлеген жобаны жоғары бағалады. Оқушылар тастама материалды қайта пайдалану бойынша бірреттік шприцтерден –тұрмыстық барометр, пластик бөтелкеден – субұрқақ, қаңылтыр құтыдан – шағын шаңсорғыш жасап шығаруды ұсынды. Ералиева Рауан өз жобасында тастама пластик ыдыстардан гүл өсіретін құмыра, киім салатын себет, қобдиша, жеміс сауыты сияқты тұрмысқа қажетті қолөнер бұйымдар жасауды көрсетті.  

Байқау қорытындысында «Экология саласындағы жобалар» бағытында бірінші дәрежелі дипломмен – облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Жалешева Гульназ; екінші дәрежелі дипломмен – Май ауданы Малайсары ЖОББМ 9 сынып оқушысы Ахметжан Аида және Жакупова Ризагуль; үшінші дәрежелі дипломмен – Павлодар қаласындағы №17 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Краскова Арина, Ақсу қаласындағы мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Ералиева Рауан, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Шарипова Нагимаш және Мағзам Айым марапатталды.

Құрылыс саласындағы жобалар арасында бірінші дәрежелі дипломға Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның 10 сынып оқушылары Идрисова Аяулым және Асаинова Жамиля; екінші дәрежелі дипломға Екібастұз қаласындағы №24 гимназия-мектебінің 8 сынып оқушылары Гурбанов Умид және Бейсенбаев Айдын, Май ауданы Малайсары ЖОББМ 8 сынып оқушысы Өркен Айдана, Ақсу қаласындағы Достық ЖОББМ 9 сынып оқушысы Рашад Жадра; үшінші дәрежелі дипломға – облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының 8, 9 сынып оқушылары Асқарбек Елдос пен Тілеубек Еларман, Павлодар ауданындағы Жаңа қала ЖОББМ 9 сынып оқушысы Асаинов Самир, Ақтоғай аудандық Абай атындағы ЖОББМ 8 сынып оқушылары Мурат Мейрамғали мен Қуаныш Данара ие болды.

«Жылу/электр және баламалы энергетика саласындағы жобалар» бағытында бірінші дәрежелі дипломды – Аққулы ауданы Лебяжі ЖОББМ 9 сынып оқушысы Қабдығалым Дильназ және Ақсу қалалық лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Белкин Георгий; екінші дәрежелі дипломды Ақтоғай ауданы Естай атындағы ЖОББМ 8 сынып оқушысы Бейсембай Әділбек, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9, 10 сынып оқушылары Оспанов Ерсұлтан мен Тоқтыбаев Дәулетқали; үшінші дәрежелі дипломды – Ақсу қаласындағы мамандандырылған гимназиясының 8 сынып оқушысы Токтамысов Олжас, Успен ауданы Вознесен ЖОББМ 9 сынып оқушысы Бойчук Никита, Железин ауданы №2 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Елишев Павел иеленді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий