Батыс Қазақстан облысы: “Алтын белгіге” 430 оқушы үміткер
Енді «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің емтихан жұмыстарын білім басқармалары жанындағы комиссиялар қарайтын болады. Мектептер бұрынғыдай оқу озаттарының тізімін өздері жасай алмайды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Комиссия емтихан жұмыстарын тексергеннен кейін нәтижелерін білім беру ұйымдарына жіберіп, мектеп директорының бұйрығымен төсбелгі иегерлерінің тізімі бекітіледі. 2020-2021 оқу жылында «Алтын белгіге» 430 оқу озаты үміткер болып отыр. Биыл 11 (12) сынып оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 2021 жылғы маусым айының 1-10 күндері аралығында өтеді.
Загрузка...Маусым айының 12-іне дейін емтихан жұмыстарының қорытындысы шығарылып, «Алтын белгі» иегерлерінің тізімі бекітіледі. 2020-2021 оқу жылында 111 мыңға жуық оқушы мектептерде білім алды. Олардың 6 мыңға жуығы 11 (12) сыныпты аяқтайды.