Биология пәнінен қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын ұйымдастырудағы қолданатын әдіс-тәсілдер

Қазіргі заман талабына бойынша жаңартылған білім бағдарламасына сай сабақтарды ұйымдастыру ұстаздардың тікелей жауапкершілігінде. Қай елдің болсын өсіп өркендеуі оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Егер ұрпағы білімді болса, халықтың болашағы жарқын, мән-мағыналы болатыны белгілі. Ұстаздардың үлесіндегі жауапкершілікті жоғары дейтіндігі осыған байланысты деп ойлаймын. Жаңартылған білім бағдарламасына сай сабақта білім алушы мұғалімнің ұйымдастырған әдіс-тәсілдері арқылы  қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындайды.

Яғни тиімді әрі қызықты әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып сабақты тартымды етіп өткізу мұғалімнің шеберлігіне тікелей байланысты. Биология пәні бойынша оқу бағдарламасының оқу мақсаттары білім алушылардан өздерінің ой-пікірлерін білдіріп қана қоймай, қолдану, талдау және бағамдай білуді талап етеді. Сабақтың негізгі бөлімі-ортасында әңгімелесу барысында сызбаларды, кестелерді, бейне жазбаларды, презентация, слайдтарды қолдану білім алушылардың танымдық көзқарастарын жетілдіре отырып негізгі материалдарды меңгеруге жағдай жасайды.

Биология пәнін оқыту барысында биология кабинетінің жабдықталуы, үлестірмелі  материалдарды, интербелсенді тақтаны қолданудың маңыздылығы ерекше. Ал білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдау сапалы білімге әкелетін көрсеткіштердің бірі болып табылады. Өзім сабақ беретін сыныптарда  «Ашық микрофон» , «Жалғасын тап», «Серпілген сауал», «Логикалық тізбекті ажырату», «Резюме», «Миға шабуыл», «Тақырыптық түйінді сөздер», «Кілтті сөздер», «Фишбоун» «Түртіп алу әдісі», «Стикердегі диалог» тағы дп басқа әдістер мен тәсілдерді тиімді қолданамын.

Сабаққа ресурстарды кеңінен қолдану – білім алушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттырып отырады. Осы әдіс- тәсілдерді  пайдалану үшін сабақтың мақсаты  қолжетімді,  әрі дұрыс қойылу керек. Өйткені дұрыс қойылған мақсат күтілетін  нәтижеге жету жолында нақты  іс-әрекетке жетелейді. Сондықтан әр сабақты жоспарлаудың  мен үшін маңызы   өте зор. Жоғарыда атап кеткен әдіс-тәсілдерді сабақтың басында, сабақ ортасында, сабақтың аяғында қолданудың  маңыздылығы бар.

Мысалы: «Фишбоун»- білім алушылардың   негізгі ойды, мәтінді себебі мен дәлелдемесі келтірілген шағын тақырыпшаларға бөлуді үйретеді. Баланың дамуына, шығармашылыққа жетелеуде тиімділігі зор,  өзінің іс-әрекетін дәлелдейді. Негізгі материалды меңгертуде, яғни сабақтың ортасында қолданамын. «Ашық микрофон» сабақтың соңында кері байланыс орнату үшін қолданатын тиімді әдіс-тәсілдердің бірі. «Стикердегі диалог»- тез білім алушыны  ойлауға, ойын жинақтап, есте сақтау қабілетін дамытуға қолданылатын әдіс-тәсілдердің бірі. Үй тапсырмасын тексеру, сынақ кезінде қолданамын.

«Түйінді сөздер» тәсілі жаңа тақырыпты бекіту, үй тапсырмасын сұрау мақсатында тиімді екендігіне көз жеткіздім. Себебі, біріншіден, жадыны дамытады. Білім алушы биология пәні бойынша жаңа тақырыптан   бір түйінді сөз жазады. Кейін талқылау кезінде ол сөзді неліктен жазғанын, ол сөздің жаңа тақырыппен қаншалықты байланыстылығын өзі түсіндіреді. Екіншіден, бұл әдіс білім алушыны  өз ісіне жауапкершілікпен қарауға үйретеді.

Егер білім алушы бір сабақты меңгермеген болып, басқа сөз жазса, келесі сабақта ол сыныптастарынан қалмай, түйінді сөз жазарда ойланып жазады. Сол сөздің мағынасын өзі айтып түсіндіретін болған соң, ойланып жазады, жауапкершілігі артады. «Мен еш уақытта  өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын»- деп, Альберт Эйнштейн айтқандай,  жаңартылған білім бағдарламасының басты мақсаты сабақты жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, дәстүрлі сабақтан өзгеше етіп өткізу.

Демек барлығы ұстаздардың қолында. Оқытушының  міндеті – білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету және білім алушының жекелей дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, өзін-өзі жетілдіру және қоршаған әлемді жетілдірудің инновациялық қажеттіліктерін қалыптастыру.

Раукен Шилдебаевна АЯТБЕКОВА,
Ибрагим Нүсіпбаев атындағы мектеп
интернатындағы 
биология пәні мұғалімі,
Алматы облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий