Білім беру жүйесіндегі менеджменттің басты мақсаты – жетістік

“Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін басқаруға қол жеткізуіміз керек”, – дейді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Қазіргі уақытта білім беру жүйесіне көптеген өзгерістер енгізіліп, мектептің ішкі сыртқы жүйесі толықтай жаңартылуда. Еліміздің болашағы оқу-білімге байланысты. Тек білімді ұрпақ қана қоғамға қозғаушы күш болары сөзсіз. Олай болса, балаларды оқыту мен мектеп басқаруға көп нәрсе байланысты. Қазіргі білім берудің жаңашыл бағытының өзгеруіне байланысты, қоғамға жоғары білімді, рухани адамгершілігі мол, өздігінен шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа қабілетті, бейімділігі мен жауапкершілік сезімі биік адам қажет.

Бұған жету үшін  мектеп басқару ісінде менеджменттің орны бөлек. Педагогикалық мүмкіндікті дұрыс пайдалана отырып, басқарудың тиімді жолдарын іздестіру, мұғалімдердің шығармашылық қызметтерін ашу, ізденіске жетелеу мектеп басшысының басқару қабілетіне байланысты. Менеджмент – бұл білім жүйесін басқарудың тиімділігін жетілдіру әдіс тәсілдері, бұл басшылар мен мұғалімдердің білімділігі мен біліктілігінің жиынтығы, білім жүйесіне қатысы бар мұғалімдер, ата-аналар, оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, басқаруды ұйымдастыру.

Педагогикалық менеджменттің ынтымақтасу қағидасы – мектеп басшысы мен педагогикалық ұжымның бірлескен қызметінің негізгі қағидасы – адамгершілік, саналы тәртіп, бастамашылдық, педагогикалық мақсатқа лайық жұмыс болуы тиіс. Мектеп директоры – мектептің иесі, басқарушы, ұйымдастырушы, барлық оқу- тәрбие жұмысының бір ізділігі мен нәтижелілігін іске асырушы. Сондықтан мектеп басшысының мектеп басқару ісінде – менеджменттің орыны бөлек.

Білім беру ұйымындағы менеджменттің басты мақсаты – жетістік. Ал жетістікке ұмтылу адамды дамытуға бастайтын үлкен күш. Ұжымдағы жұмысты жаңа бағытта басқарудағы мақсат-шығармашылық ізденістегі мұғалімдер қатарын толықтыру, білім беру мен оқыту әдістемесін қазіргі заман талабына сай жүргізу. Ерінбей, жалықпай шығармашылықпен  жұмыс істейтін, өз ісіне адал, педагогикалық жаңа технологияларды зерттеп, оны өз ісіне мақсатты түрде пайдалана білетін ұстаз ғана  білім беруді сапалық деңгейге көтерудің негізгі тірегі болады.

Мектептің оқу- тәрбие жұмысының алға басуы- жұмыстың жүйелі жоспарлануында. Ұжым жетекшісі үшін мектепті басқару бағдарламасын құру аса маңызды қадам болып саналады. Педагогикалық жүйенің үнемі қозғалыста болып,үнемі даму үстінде жүруі үшін оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыруды қажет етеді.

Жүйелі еңбек қашанда нәтижелі болмақ. Мектебімізде осындай нәтижелі жұмыстың ұйытқысы болып, кәсіптік-педагогикалық бағыты айқын, қарамағындағыларға ықпал жасай білетін, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, кез-келген мәселені талдай білетін, өзін-өзі жетілдіріп отыратын, басқаруды ғылыми тұрғыда ұйымдастыра білетін, өз пәнінің шебер маманы директордың ғылыми әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Бердібек Бейсенұлы ұжыммен жүргізілетін  әдістемелік жұмыстарды нақты жоспарлап, жаңаша ұйымдастыруды көздейді.

Өзара тәжірибе алмасу, озат тәжірибені насихаттау мақсатында мектебімізде әртүрлі әдістемелік шаралар өткізіледі. Мұғалім жұмысын анықтауда оның шығармашылық жұмыстары, кәсіби байқауларға қатысуы, оқушылардың білім сапасының жүйелілігі бойынша зерттеледі. Мұның өзі мұғалімдерді ізденіске бағыттай отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталандырады. Осындай игі істердің бір мысалы ретінде қашықтан оқыту кезінде де ұстаздарымызды дұрыс бағыттап – аудан, қала көлеміндегі түрлі байқауларға жүйелі ұйымдастырып қатыстара білді.

Атап айтар болсақ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А. Бадықов аулдандық «Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2021» байқауына қатысып  «Өз ісінің шебері» номинация бойынша марапатталса, бастауыш сынып мұғалімі А.Қарқабаева аудандық «Үздік мұғалім – 2021» байқауында үшінші дәрежелі дипломмен, бағалы сыйлықпен марапатталды. Сонымен бірге бастауыш сынып мұғалімі А.Ақбаева аудандық «Жыл мұғалімі – 2021» байқауында жоғары нәтиже көрсетіп екінші дәрежелі дипломмен, бағалы сыйлықпен марапатталып, қалалық байқауға қатысуға жолдама алды.

А.Ақбаева шығармашылық ізденісінің нәтижесінде пандемияға байланысты қашықтан оқыту кезінде оқушыларға республикалық  деңгейде телесабақты өткізуге үлес қосып, белсене атсалысқаны үшін қалалық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың  ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен кезекті «Мұғалім әдіскер» сұхбаты сағатында бастауыш сынып мұғалімі А.Ақбаева «Қашықтан оқытудың тиімділігі мен кедергілері» тақырыбында вебинар өткізіп, қашықтан оқытуды ұйымдастыру түрлері, кері байланыстың берілуін толық талдады.

Сонымен қатар қашықтан оқыту платформаларына  ТV сабақтар, Google Classroom, ZOOM, Bilim Land, Online mektep, Күнделік кз-ке жеке тоқталып, өз тәжірибесімен бөлісті. Вебинар соңында «Балаларға қашықтан оқытуда қалай көмектесуге болады?» сұрағы бойынша өзі әзірлеген ата-аналар мен мұғалімдерге арналған жадынамамен және ұсыныстармен бөлісті. Міне осындай шығармашылық ізденістегі мұғалімдер қатарын толықтыру, оларды жұмылдыра білу, мұғалімдердің кәсіби қызығуын қолдау.

Өз әрекетіне сенімділігін ояту, білім беру мен оқыту әдістемесін қазіргі заман талабына сай жүргізу – ұжымдағы жұмысты жаңа бағытта басқару менеджмент қызметінің негізгі міндеті. Педагогикалық менеджменттің ынтымақтасу қағидасын басшылыққа  ала отырып –  мектеп басшысы мен педагогикалық ұжымның бірлескен қызметінің нәтижесінде көптеген жетістікке жетуге болатынына сенімім мол.

Ботакоз Абеновна АБЕУБЕКОВА,
№167 жалпы білім беретін мектептің
директоры, 
Алматы қаласы, Алмалы ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий