Семей – НЗМ: Ринат үздіктер қатарында

Ринат Еркінбек Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сыныбында оқиды. Жуырда ол дәстүрлі «Математика және жобалау» халықаралық ғылыми байқауында жеңімпаз атанды. Байқау Мәскеу қаласында өткізіліп тұратын. Биыл қашықтан ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Ғылым бәйгесінің «Табиғаттағы және қоғамдағы нақты процестердің математикалық модельдері» секциясында бақ сынаған мектеп оқушылары, колледж, жоғары оқу орындарының студенттері арасында шәкіртіміз суырылып алға шықты. Ринаттың «Биогаз қондырғысын бағдарламалау мен модельдеуде математикалық функцияларды қолдану» тақырыбындағы еңбегі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, бірінші орынды жеңіп алды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий