Еліміздің болашағы – бәсекеге қабілетті жастардың қолында

Жалпы, жоғары оқу орны дегеніміз не? – алдымен осыдан бастайық. Жоғары оқу орны дегеніміз – экономика, ғылым мен мәдениет және басқа да әр-түрлі салалар бойынша жоғары білімді мамандарды даярлайтын, сонымен қатар жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет және тағы да басқа салаларда еңбек ететін мамандардың біліктілігін жетілдіретін білім ордасы болып табылады. Жоғары оқу орындарының қатарына академиялар, университеттер, институттар жатады.

Ал енді еліміздегі жоғары оқу орындарына оқуға қабылдану үшін, жалпы орта білім беру ұйымдарының түлектеріне міндетті түрде ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) өту керек. Биыл 2021 жылдан бастап ҰБТ-ның форматы өзгеріп бірталай жаңашылдықтар енгізілді, соларға тоқталатын болсақ. Биылғы ҰБТ-ның ең басты ерекшеліктері ол, біріншіден,егер бұрын тестіленушілерге қағаз күйіндегі сұрақ-кітапшалары мен жауаптарын белгілейтін бояу парақтары таратылса, енді бүкіл процесс электрондық форматта жүргізіледі.

Әр тестіленушіге жеке компьютер беріліп, оның әрекеттерін бейнекамерамен бақылап отыратын болады, сондай-ақ ахуалдық орталықта арнайы кезекшілер де болады. Тапсырмалардың нұсқалары тестілеуді тапсырар алдында автоматты түрде қалыптасады. Екіншіден, енді түлектердің ҰБТ-ны үш мәрте тапсыру мүмкіндіктері бар. Яғни наурыз,мамыр және маусым айлары. Соңғымамыр мен маусымайлары аралығында сіз ҰБТ-ны 2 мәрте тапсыра аласыз және ҰБТ-ны тапсыру орны мен уақытын өзіңіз таңдайсыз.

Бірақ емтихандар арасы кемі 15 күн болуы шарт.Соңғы екіемтиханның ең үздік нәтижесін, мемлекеттік білім гранттар конкурсына өтініш берерде,пайдалана аласыз. Үшіншіден, міндетті және бейіндік пәндердің тапсырмаларының саны өзгерді. Қазір тапсырушылар Қазақстан тарихы және математикалық сауаттылық пәндері бойынша 15 балдан, оқу сауаттылығы бойынша 20 балл және бейіндік пәндердің әрқайсысынан 45 балдан жинай алады. Бірақ жалпы балл – 140 өзгеріссіз қалды және бейіндік пәндерге контекст негізіндегі тест тапсырмалары қосылды.

Сонымен қатар биыл ҰБТ тапсырушылар үшін екі түрлі уақыт бақылауы болады: ҰБТ-ны жаратылыстану – математикалық бағыт бойынша өтетіндерге 240 минут (4 сағат), ал гуманитарлық бағыттар бойынша тапсырушыларға 15 минутқа аз, яғни 225 минут (3 сағат 45 минут) беріледі. Компьютерлік тестілеуді тапсыру кезінде тестіленушілерге екі үзіліс ұсынылады. Екі минуттық алғашқы үзіліс –тестілеу басталғаннан бір сағат өткен соң, көзді сергіту үшін арналған, келесі екі сағаттан кейін 15 минуттық үзіліс –тестіленушіге дәретханаға барып, көзін демалдырып алуына арналған. ҰБТ нәтижесі емтихан тапсырып болысымен, бірден шығады және 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығыңыз бар.

Еліміздегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бар, олар: еліміздегі ұлттық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына– кемінде 65 балл; «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл; «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл.

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл; басқа жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына – кемінде 50 баллжинаған талапкерлер жіберіледі. ҰБТ-ның әр пәні бойынша және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл жинау қажет. Біздің жоғары оқу орнында «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша ұлттық бырыңғай тестілеуден жалпы 75 балдан жоғары және әр пәннен 5 балдан жоғары балл жинасаңыз сіз, мемлекеттік білім гранттар конкурсына немесе ақылы түрде оқуға қабылдану үшін өтініш бере аласыз.

Ал қалған білім беру салалары бойынша жылпы 50 балдан жоғары және әр пәннен 5 балданжоғары жинасаңыз сіз, мемлекеттік білім гранттар конкурсына немесе ақылы түрде оқуға қабылдану үшін өтініш бере аласыз. Универсетімізде бакалавриат бойынша 138, магистратура бойынша 90 және докторантура бойынша 14 білім беру бағдарламары бар. Барлық білім беру бағдарламаларымен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің www.dulaty.edu.kz ресми сайтында танысуға болады.

Сондай-ақ, Дулати университетінің «Мұнай, газ және механика» факультетінің, «Мұнай-газ ісі» кафедрасы келесідей төрт білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды, олар: 6В07213– «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау»; 6В07216– «Мұнай-газ инженериясы»; 6В07217– «Мұнай және газды тасымалдау»; 6В07218 – «Мұнайды, мұнай өнімдерін және газды өткізу». Жоғарыда айтылған білім беру бағдарламалары «В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру» білім беру бағдарламаларының тобына жатады.

Аталған білім беру бағдарламаларының тобына жыл сайын өте үлкен мөлшерде мемлекеттік тапсырыс бойынша білім гранттары бөлінеді. Мысалы, былтыр 2020-2021 оқу жылына «В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру» тобына, жалпы 1700 ден астам орын бөлінген. Сол себепті, 50 балдан жоғары жинаған, осы білім беру бағдарламаларының тобын таңдап, мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысқан түлектердің барлығы жақсы нәтижеге қол жеткізген болатын.

Құрметті болашақ студент, өз таңдауыңызды дұрыс жасап, келешекке дұрыс жоспар құрып, көздеген мақсаттарыңызға қол жеткізіп, нақты шешімдер қабылдап, жарқын болашаққа анық қадам басыңыз. Еліміздің болашағы – білімді, өзіне сенімді және бәсекеге қабілетті жастардың қолында. 

Олжас Оңғарұлы ҚОЖАС,
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік
университетіндегі мұнай, газ және механика
факультетінің оқытушысы, Жамбыл облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий