Зерделі зерттеудің зейіні

Серіктестік және өзара әрекеттегі қарым-қатынасты жетілдіру мен өзгерістерге қол жеткізу үшін жергілікті мектептердің өзара кәсіби байланыс жасауы маңызды. Мектеп қоғамдастығы аясында атқарылатын бірлескен әрекет мектептер әлеуетін арттырып, олардың тиімді жұмыс істеуіне, оқушылардың жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне, мұғалімдердің кәсіби дамуы мен озық тәжірибелермен алмасуына, инновациялық жаңашылдықты енгізуге мүмкіндік береді.

Әріптестермен бірлесе жұмыс істеу мұғалімдердің көшбасшылық әлеуетін арттырары сөзсіз. Мектептер арасындағы бірлескен жұмыстың басты идеясы барлық баланың игілігі жолында белсенді әрекет ету болып отыр. Оқушылардың жетістікке жетуін қамтамасыз етуде қолайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру, оқу үшін қажетті жағдайлар жасаумен қатар, олардың табысқа қол жеткізуіне қолдау көрсету үшін көптеген аспектіге назар аударған жөн. Олар: оқушылардың оқу үлгеріміне көңіл бөлу, білім алушылардың дамуына ықпал ететін факторларды (физикалық, әлеуметтік және эмоциялық) ескеру.

Мектеп қоғамдастығы жұмысындағы мұғалімдерді біріктіретін, оқушылардың үлгерімін арттыруға, оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған іс-әрекет жоспарлау, жүзеге асыру, мониторинг жүргізу аспектілерге тікелей қатысты екендігін атап айтуға болады. Идеяларға ашық объективті зерттеушілер мәдениетін құруға көмектесетін жалпымектептік зерттеу – мектеп мәдениетін де дамытады, зерттеу тәжірибесі мен оның қорытындыларымен басқа мектептермен бөлісуге көмектеседі.

Инновация мен білім алмасудағы рөлдерінің маңызды екендігін түсінетін заманауи мектептер желілік қоғамдастық жұмыстарын қашықтан оқыту жағдайында да жалғастырудың қажеттілігін түсінеді. Зерттеу жүргізу арқылы өздерінің кәсіби қызметіндегі мәселелерді анықтап, үздіксіз іздену үстінде.

Үмітжан Жасынбекқызы ЖАСЫНБЕКОВА,
№ 13 жалпы білім беретін мектебінің директоры,
Қарағанды облысының 
Жезқазған қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий