“Өзін-өзі тану”: Рухани адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың қазіргі кезеңі туралы
«Бөбек» ҰҒПББСО бас директоры Елена Сәкенова тікелей эфирде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың қазіргі кезеңі туралы: жетістіктер, өзекті мәселелер мен перспективалар» тақырыбы бойынша сөз сөйледі, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі.
Елена Сәкенова «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білімі өзінің дамуының 25 жылы ішінде бір пәннің шеңберінен шығып, тәрбие жүйесінің қасиеттерін тудыра отырып, оқу-тәрбие үдерісінің барлық салаларын қамтығанын атап айтты. Сондай-ақ, «Өзін-өзі тану» пәні мен мектеп пәндерінің интеграциясы білім беру мазмұны, оқыту әдістері мен нысандары, сондай-ақ мұғалімнің жеке басы арқылы жүзеге асырылатыны атап өтілді. Мұғалімдер алдына келесі міндеттер қойылды: мектеп пәндері мазмұнының құндылық әлеуетін өзектендіру және осы негізде әр оқушының әлеуетін ашу, оның жеке басын жетілдіруге ықпал ету.
Бұдан әрі Елена Сәкенова білім алушылар арасында өткізген «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту оларға не береді?» сауалнама нәтижелері олар өздерін түсінуге, өздері туралы және жеке қасиеттері туралы ойлауға үйренетіндерін, өздерінде өзгерістерді байқағандарын көрсетті. Содан кейін пилоттық білім беру ұйымдары қызметінің нәтижелері туралы ақпарат ұсынылды.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асырудың қазіргі кезеңіндегі маңызды сәт Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының ашылуы болып табылады. Оның мақсаты Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде білім алушылардың зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің негізі ретінде «Өзін-өзі тану» бағдарламасын іске асыру», – деді Елена Сәкенова.
Загрузка...