Фотокөрме: ЕҰУ жылнамасы: қалыптасу, даму және жасампаздықтың 25 жылы

Елордададағы Тәуелсіздік сарайында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына арналған фотокөрме ашылды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

“ЕҰУ жылнамасы: қалыптасу, даму және жасампаздықтың 25 жылы» атты мерейтойлық фотокөрмеге Еуразия ұлттық университеті мен Қазақстан астанасы үшін тарихи маңызы бар фотосуреттер қойылған. ЕҰУ-дың елорда үшін тарихи рөлін бұған дейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылғы мамырда ЕҰУ-дың 10 жылдығына арналған салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде атап өткен болатын: «Жаңа астана Сіздердің университет ғимаратының құрылысынан басталды».

Экспозицияда ЕҰУ-дың қалыптасуы мен даму кезеңдерін айқын көрсететін бірегей фотосуреттер бар. Фотокөрмеге келушілер университеттің ширек ғасырлық тарихымен танысып, ондағы маңызды кезеңдерге тарихи суреттер арқылы куә болады. Сонымен қатар Тәуелсіздік сарайы залының ішіндегі керемет атмосфера да келген көрерменнің көңілін баурап, ерекше әсер қалдырары сөзсіз. Фотокөрмеге төрт ай дайындалып, оған университет шежіресінде көрініс тапқан ең маңызды оқиғалар таңдап алынды.

Фотокөрменің ашылуына Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Стратегиялық даму жөніндегі проректоры Думан Айтмағамбетов, ЕҰУ Сапаны бағалау орталығының басшысы Тұрсынхан Құсайынова, университеттің Кәсіби бағдар беру және тестілеу орталығының басшысы Өміржан Қоқаев қатысты. Көрме 2021 жылдың маусым айының соңына дейін жалғасады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий