Жаратылыстану сабақтарында оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары

Жаңартылған оқу бағдарламалары шеңберінде зерттеуге негізделген оқу белсенді оқу қағидаттарын түсіндіретін қуатты педагогикалық құрал болып табылады. Зерттеуге негізделген оқу сындарлы оқу теориясына сүйенеді. Мұндай тәсіл кезінде оқушылар өздеріне сұрақ қояды, ал мұғалім тиісті сценарий жасай отырып, оқу үйлестірушісі рөлін атқарады. Оқушылар тақырыпты зерттеу үшін ресурстарды пайдаланып, өз қорытындысын тұжырымдайды. Бұл терең білім алуға және пәнді түсінуге қажетті жоғары деңгейлі дағдыларды шыңдауға көмектеседі.

Ғылыми әдебиетте оқыту мен оқуды зерттеудегі үш негізгі тәсіл сипатталған. Құрылымдалған зерттеу; мұғалім оқушылар ұстанатын тәсілдерді егжей-тегжейлі түсіндіреді (әр қадамды сипаттау арқылы). Оқушылар өздерінің (немесе басқа біреудің) тапқандарының негізінде мәселеге түсініктеме береді, талқылайды және қорытынды жасайды деп күтіледі. Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін зерттеу; мұғалім оқушылар ұстанатын белгілі бір құрылым ұсынады (мысалы, зерттейтін мәселені сұрақтар тізімінен таңдау). Оқушылар сұрақтарға жауап беру үшін тәсілді өзі таңдай алады.

Ашық зерттеу: оқушылар зерттеу сұрағын және бұл сұраққа жауап берудің тәсілін өзі таңдайды. Құрылымдалған зерттеуде мұғалімнің көмегі көп қолданылады. Сондықтан бұл тәсілді жаңа дағдылар немесе ұғымдар пысықталатын сабақтарда қолданған орынды болмақ. Оқушылар тәжірибе жинақтаған сайын мұғалімнің жетекшілігімен жүретін зерттеуге көшуге болады. Оқушылардың негізгі мақсаты анағұрлым жоғары деңгейлі дағдыларын дамыта отырып, ашық зерттеу жүргізу болып табылады (Krystyniak and Heikkinen, 2007).

Выготский оқуға «әлеуметтік құбылыс» деген анықтама берді, сондықтан да оқушылар білім «құру» барысында олар қазіргі кезде өздігінен істей алатын нүктеден өзінің Жақын арадағы даму аймағында (ЖАДА) жалғыз өзі алға ілгерілеуі тиіс (Vygotsky, 1978). Оқушылар өз ЖАДА-сында жұмыс істегенде оларға қолдау қажет. Мұндай қолдауды олар мұғалімдерден, сыныптастарынан, жұмыс дәптерлерінен, кітаптардан немесе басқа да көздерден ала алады. ЖАДА қағидаты – оқушы жеке жұмыс істегенге қарағанда, сабақ үстінде (қолдау көрсетілген кезде) анағұрлым көбірек үйренеді.

Оқушылар алға ілгерлеген сайын оған енді мұндай аса қамқорлықпен қолдау көрсету қажет болмайды, олар енді өздігінен жұмыс істей алады. Осындай оқыту әдісін әрі қарай дамыту үшін мұғалімдер бастапқыда оқушыға жақсы қолдау көрсетіп, кейін оны біртіндеп азайтып отыруы керек. Сырттан көрсетілетін қолдау нөлге жеткенде ғана оқушылар жоспарлы нәтижеге қол жеткіздім деп айта алады. Жоба және зерттеу жұмысының мақсаты оқушылардың қарапайым шешімдерді табу және жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамыту болып табылады.

Алайда, бұл ашық зерттеу бірден бір лайықты педагогикалық амал болып табылады дегенді білдірмейді. Зерттеуге негізделген оқуды түрлі пәндерді оқыту кезінде пайдалануға болады. Пән бойынша негізгі көзделген мәселе зерттеу болған жағдайда, мұғалім көмекші рөліне ауысып, басты рөлге оқушы шығады. 

Ықпалдастырылған әлеуметтік зерттеу моделі:  

Кезеңдер

Жаттығулардың негізгі тақырыбы

Сұрақ түрлері

Ретке келтіру 

· Оқушыларға тақырыппен танысуға мүмкіндік беру.

· Тақырып бойынша оқушыларды қызықтыратын мәселелерді анықтау.

Тақырып қандай? Неліктен осы тақырыпты зерттеу қажет?

Зерттеуге

дайындық

· Оқушыларға осы тақырып бойынша бұрыннан белгілі нәрселерді анықтау.

· Оқушыларға жұмыс істеу бағыты мен нысанын белгілеу.

· Тақырып бойынша орындау керек жұмыстар мен жаттығуларды жоспарлауға көмектесу.

Біз бұл тақырып туралы не білеміз? Осы тақырыпқа қатысты не ойлайсыңдар? Бұған тағы кім көз жеткізді? Сен не ойлайсың?

Зерттеу

· Оқушылардың білімге қызығушылығын одан әрі ынталандыру.

· Бұған дейін қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беретін жаңа ақпарат ұсыну. Біздің нақты нені білгіміз келеді? Бұны істеудің ең үздік жолы қандай?

· Болашақта зерделеу үшін басқа да сұрақтар ұсыну.

Оқушылардың білімін, құндылықтары мен түсініктерін тексеру.

· Оқушылардың алдағы уақытта орындалатын жаттығулар мен жүргізілетін жұмыстарды түсінуіне көмектесу.

Біздің нақты нені білгіміз келеді? Бұны істеудің ең үздік жолы қандай? Ақпаратты қалай жинаймыз?

Сұрыптау

· Оқушыларға «зерттеу» кезеңінде анықталған ақпарат пен идеяларды сұрыптау мен таныстырудың нақты тәсілдерін ұсыну.

· Оқушылардың жинақталған ақпаратты өңдеуіне және әртүрлі тәсілдермен таныстыруына мүмкіндік беру.

· Нәтижелердің кең ауқымды болуына мүмкіндік беру.

Ақпаратты қалай сұрыптай аламыз? Қандай байланыс орната аламыз? Ақпарат нақты, құнды және пайдалануға тұратынына қалай көз жеткізе аламыз?

Алға

ілгерілеу

 

· Тақырып аясын кеңейтіп, оқушылардың тақырыпты түсінгенін тексеру.

· Оқушыларға қолжетімді түсініктер аясын кеңейту үшін көбірек ақпарат ұсыну.

Біз қандай қорытындыға келдік? Оларды қандай дәлелдермен негіздей аламыз? Нәтижелермен не істейміз? Біз қандай шара қабылдай аламыз?

Байланыс орнату

· Оқушылардың не үйренгені туралы қорытынды жасауға көмектесу.

· Оқу үдерісінің барысы туралы және не үйренгені туралы рефлексия жасауға мүмкіндік беру.

Біз қандай қорытындыға келдік? Оларды қандай дәлелдермен негіздей аламыз? Нәтижелермен не істейміз?

Шара қабылдау

· Оқушыларға өздерінің түсінігі мен өмірлік тәжірибесінің арасында байланыс орнатуға көмектесу.

· Оқушылардың таңдау жасауына және өзінің қоғамның табысты мүшесі бола алатындығына сенімін арттыруға мүмкіндік жасау.

· Тақырыпты одан әрі жоспарлау барысында оқушылардың түсінігін ескеру.

Біз қандай шара қабылдай аламыз? Тақырып туралы енді не ойлайсыз?

Енді жаратылыстану сабағында мұғалімнің жетекшілігімен жүретін зерттеуді «Ықпалдастырылған әлеуметтік зерттеу моделі» тұрғысынан талдап көрейік. 3 сыныптағы  «Жаратылыстану» пәнінен «Қандай топырақ құнарлы?» тақырыбы бойынша жүргізілетін зерттеу жұмысын қарастырайық.

Кезеңдер

 Сұрақ түрлері

Оқушылар мен мұғалімнің әрекеттері

Ретке келтіру 

Зерттеу тақырыбы қандай? Неліктен осы тақырыпты зерттеу қажет? Топырақтың құрамында не бар? Құнарлы топырақ туралы не білеміз? Құнарлылық дегеніміз не?

«Қандай топырақ құнарлы?»  тақырыбымен танысады.

Топырақтың құрамы, жіктелуі және қасиеттері туралы алдыңғы білімдерін еске түсіреді.

Зерттеуге дайындық

Неліктен осы тақырыпты зерттеу қажет? Зерттеу мақсаттарын және болжамды тұжырымдай аламын ба?

Бүгінгі күнге дейін топырақ туралы не білесіз? Топырақ – бұл не? Ол қайда түзіледі? Ол не үшін қажет?

Суреттермен, топырақтың үлгілерімен танысады.

Оқушылар суретпен, топырақ үлгілерімен жұмыс жасап танысады, әртүрлі топырақ түрлерін сыртқы белгілері бойынша ажыратады.

Мақсаты: топырақтың құнарлылығы оның құрамына байланысты екенін дәлелдеу.

Мұғалім топырақ туралы қысқаша ақпаратпен таныстырады.

Зерттеу

Топырақтың құрамында не бар? Топырақтың қасиеттерін қалай анықта аламын? Неліктен жаңбырдың суы кейбір топыраққа тез сіңіп кетеді? Күнделікті өмірімізде құнарлы топырақты қалай қолданамыз?

Құнарлылықты қалай арттыруға болады?

Зерттеу бойынша қандай ақпарат жинауым керек?

Оқушылар жұппен зертттеу жұмысын нұсқаулық бойынша жасайды.

Топырақ үлгілерінен олардың түрлерін ажыратады. Топырақтың құрамын анықтайды, қасиеттерін сипаттайды

Берілген сұрақтарға жауап іздейді, ақпаратты жинап ой елегінен өткізеді.

Сұрыптау

Өзіме қажетті ақпаратты қалай сүзе аламын? Зерттеу нәтижесін кестеде көрсетіңіз. Сызбаны қалай атауға болады? Сызбадағы бос текшелерді толтырып, оқып шыға аласыз ба?

Бүгінгі зерттеу мен үшін несімен құнды болды?

Зерттеу нәтижесінде алған білімімді қайда және қалай қолдана аламын?

Топырақ

Ағаштың биіктігі

1жыл

2 жыл

3 жыл

Құмтопырақ

10см

100см

200см

Сазтопырақ

7см

100см

210см

Қаратопырақ

20см

250см

250см

Алға ілгерілеу

 

Біз қандай қорытындыға келдік? Оларды қандай дәлелдермен негіздей аласыз? Мына сызбаны пайдаланып бүгінгі сабақтан алған білімдеріңізді қорытындылаңыздар.

Сабақтың соңында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында қорытынды ой түйіндеп ұсынылады. Оқушылар топырақтың құнарлылығы оның құрамына байланысты екеніне көз жеткізеді. Қаратопырақ ең құнарлы топырақ екенін анықтайды. Адам топырақтың құнарлылығын жақсарта алады.

Байланыс орнату

Нәтижелерді өз өмірімде қалай қолдана аламын?

Оқу үдерісінің барысы туралы және не үйренгені туралы рефлексияны « … сияқты, бірақ …» әдіс-тәсілін қолданып жасауға болады.

Шара қабылдау

Осы тақырып туралы тағы қандай ойыңыз бар?

Оқушылардың болашақ мамандығын таңдауына және өзінің қоғамның табысты мүшесі бола алатындығына сенімділігін арттыру мақсатында үйге «Қыс мезгілінде топырақта тіршілік жүре ме?», «Қыста топырақтың құнарлылығын арттыру үшін не істеуге болады?» т.с.с. тақырыптар бойынша қосымша материалдар ұсынуға болады.

       

Сонымен, оқыту мен оқудың тиімділігін арттыру көп жағдайда оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын, оқу процесінің қарқынын арттыратын оқыту нысандары мен әдістерін пайдалануға байланысты. Оқу бағдарламасының тәжірибелік бөлігін іске асыру пән мұғалімінен жоғары және жан-жақты кәсіби даярлықты, жаратылыстануды оқытудағы зерттеудің рөлін түсініп, белсенді оқу әдістерін шығармашылықпен қолдануды талап етеді.

Зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін пайдаланған кезде оқушылар жаңа білім алып, дағдыларды игереді, құбылыстардың табиғи сипатына және олардың материалдық тұрғыдан шартты екеніне көз жеткізеді, теориялық білімнің дұрыстығын тәжірибеде тексереді, қадағаланатын затты, құбылысты талдап, салыстырып, тәжірибеден қорытынды жасап үйренеді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын табысты ету үшін, тиімді жұмыс жүйесін құру маңызды екеніне көз жеткіздік.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру оқу пәндерінің мазмұндары арқылы және сабақтарда оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты болуы тиіс. Оқушы функционалдық сауаттылықтың маңызын әрбір пәннен алған білімге қол жеткізудің бірден бір тиімді құралы деп қабылдауы тиіс.

Ал пән мұғалімі жаңадан қосылған функционалдық сауаттылықтардың алдыңғылармен байланысын оқу процесі кезінде ескертіп отыруы маңызды. Оқушы сыныптан сыныпқа көшкен сайын жаңа пәндердегі молая, әрі күрделене түсетін функционалдық сауаттылықтар жүйесін меңгеру және оларды тиімді қолдана білу оқушының мектептегі ең басты жетістігі ретінде қабылдануы заңды құбылыс деп білеміз.

Гульжан Советкановна МАМЫРБЕКОВА,
Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп
лицейдің бастауыш сынып мұғалімі,
Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий