Батысқазақстандық оқушылар республикалық олимпиададан жеңіспен оралды

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған IQanat республикалық бағдарламасы – қазақстандық меценаттардың білім беру саласындағы жобасы. Бағдарлама мақсаты – ауыл мектептерінің оқушыларын іргелі, ұлттық оқу орны және шетел университеттеріне түсулері үшін қолдау, ынталандыру, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бағдарламаға еліміздің аймақтары бойынша іріктеу кезеңдері, сондай-ақ еліміздің және шетел бастаушы жоғары оқу орындарына грант және стипендиямен түсулеріне қолдау көрсету кіреді. Қапшағай қаласында республикалық IQANAT олимпиадасы өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінен жеті жүзге жуық оқушы қатысты. Білім додасына Батыс Қазақстан облысынан қатысқан 47 оқушының он екісі жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап айтар болсақ, батысқазақстандық 9 оқушы Бурабайдағы IQANAT мектебіне  грант ұтып алса, екі оқушы edu.iqanat.kz платформасындағы олимпиада жүлдегерлері атанып, ал 1 оқушы тіл мамандығы бойынша жеңімпаз атанды. Грант ұтқан оқушылар қыркүйек айынан бастап Бурабайдағы IQANAT мектебінде білім алатын болады. Сонымен қатар облысымыздан 12 оқушы резервте тұр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий